
ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова ЕҰУ-дың цифрлық трансформациясымен танысты
Еуразия ұлттық университетіне Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова, сондай-ақ министрлік өкілдері келді.
Кездесу барысында ЕҰУ-дың цифрландыру жөніндегі проректоры Гүлмира Бекманова мен Цифрлық даму және қашықтықтан оқыту департаментінің қызметкерлері делегаттарға «TriCaster» аппараттық-бағдарламалық кешені мен онлайн курстарды жазу және дайындау жүргізілетін студияны көрсетті.
Динара Щеглова өзінің кіріспе сөзінде министрлік IT мамандарын дайындайтын ЖОО-ларды тыңдайтынын атап өтті.
Жиын барысында проректор Гүлмира Бекманова ЕҰУ-дың Platonus, Директум, Антиплагиат, Hikvision, Прокторинг, Mooc.enu.kz, SmartENU сияқты жобаларды қамтитын цифрлық экожүйесі туралы баяндама жасады.
«2021 жылдан бастап университетте Цифрлық экожүйе тұжырымдамасы бар. Қазір құжат айналымы жүйесі біздің талаптарымыздың шамамен 80 пайызын қамтиды. Smart ENU – бұл веб-сайт пен мобильді қосымшадан тұратын үлкен жүйе. Оның ерекшелігі – барлық деректер бір рет енгізіледі және бірден барлық жүйелерде көрсетіледі. Жыл сайын құжаттарды басып шығаруға 20 миллион теңге жұмсадық. Бізде 3 жылдан бері қағаз силлабусы жоқ, құжаттардың көпшілігі QR арқылы қол қойылады.Цифрлық экожүйені пайдалану есебінен университеттің жалпы үнемдеуі 1 млрд теңгені құрады», - деп атап өтті университеттің цифрландыру офицері.
Гүлмира Бекманова сонымен қатар студенттерге арналған қызметтерді көрсетіп, оқытудың цифрлық платформасы және т.б. болашақ жобалар туралы айтып берді.
Ал цифрлық даму секторының менеджері Алтынбек Зұлхажав SmartENU жүйесін, «Жасанды интеллект технологиялары» кафедрасының меңгерушісі Бибігүл Разахова жасанды интеллект технологияларын, Цифрлық даму және қашықтан оқыту департаменті директорының орынбасары Бану Ергеш «Ахметтану» жүйесін, «Жасанды интеллект» ғылыми-зерттеу институтының директоры Әлібек Барлыбаев қазақ тілінде CHATGPT бағдарламасын, «Жасанды интеллект технологиялары» кафедрасының аға оқытушысы Амангелді Нұрзада есту қабілеті нашар және саңырау адамдарға арналған SIGNBRIDGE инновациялық жобасын және өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін компьютерлік көру технологияларын пайдалана отырып, жеке қорғаныс құралдарын анықтаудың интеллектуалды жүйесін көрсетті.
