
Постдокторант Толғанай Мустафина қазақстандық қоғамдағы рухани құндылықтардың өзгеруін талқылау бойынша кездесу өткізді

Қазіргі кезде әлемде де және қазақстандық қоғамда да дінге қатысты мәселелерге, діни талаптарды орындауға деген қызығушылық артып келеді. Әр түрлі зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес бүгінде еліміздің 80-90% азаматтары өздерін діншіл деп санауға бейім. Әрине, діншілдік деігейлері әр түрлі. Дінді ұстанушы, өздерін діншілімін деп санайтындардың көпшілігі мұсылмандар.
Бүгінгі қазақстандақтың қоғамның басым көпшілігі зайырлылық мемемлекет ұстанымдарын, демократиялық құндылықтар мен өздерінің діни ұстанымдарын үйлесімді үйлестіре алуда. Дегенмен, соңғы кездері дін атын жамылған әр түрлі идеологиялардың жұмысы қарқынды жүруде. Мұндай идеологиялардың құрбаны кез келген азамат болуы ықтимал.
2024 жылдың 18 мамыр және 23 мамыр күндері қазіргі қазақстандық қоғамда жүзеге асыру барысында постдокторант Толғанай Мустафина Астана горнизонының әскери бөлімдерінің әскери қызметшілерімен кездесулер өткізілді. Кездесулер барысында радикалды діни ағымдарға тән белгілер талқыланды, олар адамның дүниетанымдық бағдарларына да, қоршаған ортаға да, жалпы қоғамның тұрақтылығына да қалайша теріс әсер ететіндігі талқыланды.
Бүгінгі таңда қазақстандық қоғамда дін саласында ақпарат, білім алу, діни қажеттіліктерді өтеуге тиісті механизмдер қамтамасыз етілуде. Деструктивті діни ағымдардың алдын алу қоғамның оң өзгеруіне ықпалдасады. Қоғамның тұрақтылығы діни және интеллектуалды әлеуетті қатар дамытуға байланысты. Өз кезегінде бұл азаматтардың сыни ойлау қабілеттері, кәсібилік дағдылардың дамытылуымен үндеседі.
