
Әрбір жоба – бұл бір оқиға, әрбір студент – ол жеке тұлға!

Шығармашылық мамандықтардың түлектері үшін биылғы мамыр айы қорытынды бітіру жұмыстарын қорғайтын маңызды кезеңі. Бұл бакалавр түлектердің аттестациялық комиссиясы алдындғы жұлдызды сәттері!

2024 жылдың 27-29 мамыр аралығында Сәулет-құрылыс факультетінің «Дизайн және инженерлік графика» кафедрасында 6В02121 – «Сәулеттік дизайн» мен 6В02120 – «Графикалық дизайн» білім беру бағдарламалары 5 курс студенттерінің дипломдық жобаларын қорғауы өтті.

Биылғы жұмыстарды бағалауға комиссия құрамының төрағасы қызметіне ҚР Құрметті сәулетшісі, сәулет кандидаты Чиканаев Аманжол Шаймерденович шақырылды, ал комиссия мүшелерінің құрамында кафедра меңгерушісінің м.а., п.ғ.д. Т.К. Самуратова, п.ғ.к., аға оқытушы С.Ж. Турикпенова, PhD, аға оқытушы Ж.Т. Омарова және техникалық хатшы қызметінде аға оқытушы Б.Б. Белесаровалар өз жұмыстарын атқарды. Сәулеттік және графикалық дизайн бағыттары бойынша қорғауға білім алған 34 түлек өз жобаларындағы идеяларымен таныстырып шықты. Комиссия мүшелері түлектерді құттықтап, кәсіби салада шығармашылық табыс тіледі.
