
ЕҰУ-нын химия факультетінің студенттері Қоянды ормандарында дәрілік өсімдіктерді зерттеді









Химия кафедрасының 6В05306 –«Органикалық химия мен полимерлер химиясы» білім беру бағдарламасының студенттері доцент М. Дүйсембиевтің жетекшілігімен Ақмола облысының Қоянды елді мекенінде орналасқан ««Золотой фазан» демалыс базасында өндірістік тәжірибеден өтті.
Өндірістік дала практикасы барысында студенттер аумағы 200 шаршы метр келетін Қоянды елді мекенінде орналасқан орманда өсетін дәрілік өсімдіктермен танысты. Сонымен қатар сол дәрілік өсімдіктердің көптеген түрлерін жинап оның химиялық құрамын анықтауға түрлі тәжірибелер жүргізді. Білім алушылар практика кезінде елді мекеннің суының химиялық құрамын pH метр құрылғысы арқылы зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Осындай студенттер үшін мүмкіндіктер жасағаны үшін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорына, ұйымдастырған әкімшілік бөлімдеріне білім алушылардың алғыстары шексіз.
Сондай-ақ, Ақмола облысы Целиноград ауданы Қоянды ауылындағы "Золотой фазан" демалыс базасында 6В05210-Гидрология білім беру бағдарламасы 2 курс білім алушылары оқу практикасынан өтті.
Гидрометрияның далалық оқу практикасы - тек қана екі курстың барысында жинақталған барлық білімнің қосындысын қорытындылайтын кезең емес, сондай-ақ гидрологиялық жұмыстарды өз бетімен орындауға қабілетті, сапалық орташа білікті маман ретінде студенттерді қалыптастырудың жауапты сәті болып табылады.
«Золотой Фазан» практика базасында оқу практикасын өткізу үшін барлық жағдайлар жасалған. «Золотой Фазан» кешенінде білім алушыларға арналған жатын орын, ас мәзірі және басқа да студенттерге, практикаға қажетті талаптармен қамтамасыз етті.
