
Әлеуметтік ғылымдар факультеті «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» атты республикалық акциясына ат салысты

Мемлекет басшысы 2024 жылдың наурыз айында өткен Ұлттық Құрылтайда кітап оқу мәселесіне ерекше тоқталып өткені белгілі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөйлеген сөзінде "Ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз"-деген еді.
«Шын мәнінде, кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын оятуымыз керек» дей келе, «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» атты жалпы республикалық акция басталған болатын. Осыған орай, тағылымды бастаманы қолдау мақсатында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің Әлеуметтік ғылымдар факультеті ауыл жастары мен балаларына 200 дана кітап тарту етті. Кітаптардың арасында қазақ әдебиетінің үздік туындылары, танымдық-ағартушылық еңбектер, балалар әдебиеті, мектеп бағдарламасында сұранысқа ие авторлардың шығармалары бар.
