
Өндірістік дала практикасы қызық өтті















Химия кафедрасының ББ 6В05306-«Органикалық химия және полимерлер химиясы» білім беру бағдарламасының студенттері 20.05.24 – 26.05.24 аралығында Ақмола облысы, Қоянды елді мекенінде орналасқан «Алтын фазан» демалыс аймағында өндірістік дала практикасында болып қайтты. Білім алушылардың өндірістік практикасына химия кафедрасының доценті, х.ғ.к., М.Дуйсембиев жетекшілік етті.Өндірістік дала практикасы барысында студенттер аумағы 200 шаршы метр келетін Қоянды елді мекенінде орналасқан орманда өсетін дәрілік өсімдіктермен танысты.Сонымен қатар сол дәрілік өсімдіктердің көптеген түрлерін жинап оның химиялық құрамын анықтауға түрлі тәжірибелер жүргізді. Білім алушылар практика кезінде елді мекеннің суының химиялық құрамын pH метр құрылғысы арқылы зерттеу жұмыстарын жүргізді. Осындай студенттер үшін мүмкіндіктер жасағаны үшін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорына, ұйымдастырған әкімшілік бөлімдеріне білім алушылардың алғыстары шексіз.
