Ботаника бойынша биология студенттерінің оқу-далалық практикасы
Биология ғылымдарының кандидаты, жалпы биология жəне геномика кафедрасының доценті міндетін атқарушы А. Д. Дүкенбаева жəне PhD докторы, доцент міндетін атқарушы А.Д. Спанбаевтің басшылығымен, ботаника пəні бойынша оқу-далалық тəжірибесі аясында 5 топтың білім алушылары, БГ-11, БГ-12, БГ-13, БГ-15, БГ-17 қатысты. Тəжіребие Ақмола облысы, Қоянды ауылы «Золотой фазан» демалыс орталығында өтті. 1-ші курс студенттері оқу-далалық тəжіриебесі арқылы “Ботаника” курсында өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы, өсімдіктер систематика бағыттары бойынша дəрістер мен зертханалық сабақтардан алған білімдерін, теориялық жəне практикалық тұрғыда кеңейтіп, тереңдетті.
Білім алушылар тікелей табиғат аясында өсімдіктер мен олардың топтарын, түр, туысы мен фитоценозын, қоршаған орта жағдайларына бейімделуін зерттеп, оқып жəне өсімдік сақтау негіздеріне байланысты, өсімдіктердің негізгі формалары мен жылдық жəне маусымдық өзгерістері,олардың көбеюі мен таралу ерекшеліктерін анықтады. Сонымен қатар флора мен фаунанын белсенді зерттеп,100-ден астам түрлі өсімдіктердің үлгілерін жинады.
Оқу-далалық тəжіребиесіне қатысқан топттар, өсімдіктерді зертеумен ғана шектелмей қызықты кештермен, спорттық ойындарға белсенді қатысты.Түрлі жарыстар ұйымдастырылды. Олар əр уақытын қызықты,пайдалы өткізді.
Далалық тəжіребие нəтижесінде, студенттер ботаника саласында Қоянды ауылының флорасын анықтауды үйренді. Олар топта жұсыс жасауды, деректерді жинап өндеуді жəне табиғи ортада зерттеу жүргізуді меңгерді. Мұның бəрі олардың əрі қарай кəсіби өсуіне септігін тигізіп, ғылымға үлес қосады деп сенеміз.