
ПОСТДОКТОРАНТ А.М. МАЛИКОВАНЫҢ «ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНҒАН ФОРМАЛАРЫ: САХНА ТІЛІНДЕ КӨРІНІС ТАБУЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ӘДІСТЕМЕЛІК-СЕМИНАРЫ ӨТТІ

2024 жылдың 1 маусымында Философия кафедрасының постдокторанты Асель Маликованың «Шешендік өнердің трансформацияланған формалары: сахна тілінде көрініс табуы» тақырыбында ғылыми әдістемелік-семинары өтті. Жоспарлы шара AP14972784 «Қазіргі заманда шешендік өнердің трансформациялануы және институттандыру проблемасы» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Бүгінгі әлемнің қарқынды дамып жатқан кезеңінде шешендік өнерге ренесанстық көзқарастың қажеттілігі сезіледі. Ғылыми жоба тақырыбы «Шешендік өнердің трансформациялануы және институттандыру мәселелері» аясында жүзеге асырылуда. Шешендік өнер көне заманнан бастау алып, бүгінгі күнге дейін толассыз өзгеріс үстіндегі феномен. Шешендік өнерге тарихи-мәдени саралау, соның ішінде тарихи тәжірибе мен шешендік өнер техникаларымен танысып, бұл өнердің әр заманға байланысты өзгерістерді айқындап, оларға салыстырмалы талдау жасалуда. Сонымен бірге жұмыста қазақтың ұлттық мәдениетіндегі шешендік өнердің орны мен рөліне сараптау жасалып, оның мәдени аксиологиялық қырына герменевтикалық талдау жасалып келеді. Бұдан біз қазақ шешендік өнері қазақ қоғамында тәрбие мектебі болғандығы әрі бүгін де сондай құзіретте болатындығы дәлелденуде. Жоба отандық ғылымдағы антропогендік, социогендік мәселелерге арналған, соның ішінде тұлғаның әлеуметтік ортада бар болу, әлеуметтік қатынас, адамның рухани болмысы мен табиғатын, қажеттілігін анықтауға бағытталған тәжірибелік эмпирикалық зерттеу болып табылады. Ғылыми практикалық семинарды PhD докторы, постдокторант А.М.Маликова жетекшілігімен К. Бәйсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің магистранттары мен студенттері практика жүзінде шешендік өнердің сахна тіліндегі формасымен қарқынды жұмыс істеу барысын көрсетті. Алғы сөзді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ҚР ҰҒА академигі, филос.ғ.д., профессор Ғарифолла Есім сөйледі. «Философия» кафедрасының постдокторантты, PhD докторы С.Е.Шакиров шешендік өнердің трансформацияланған формаларының әлеуметтік желіде дамып жатқандығын алға тартты. Және осыған ұқсас пікірді постдокторант, PhD докторы А.Амангелдиев те айтып өтті.

Философия кафедрасының доценті, PhD докторы Р.А.Кемербай сахнадағы көркем тілдің стильдік ерекшелік формасы жайлы өз пікірін білдірді. Постдокторант, PhD докторы А.С.Өмірбай бұл тақырып шығармашылық форматта студенттер үшін оңтайлы екендігін айтты. «Туризм» кафедрасының доценті, PhD докторы Тлеубаева А.Т. практикалық семинардың көркемдік-шығармашылық өзгешілігі жайлы тарқатып айтты. С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің доценті, PhD докторы С.Қ.Ракимжанова семинар тақырыбы қазақ халқының құндықтар жүйесінде өте маңызды рөлді атқаратындығы жайлы сөз кезегін жалғастырды. PhD докторы М.К. Болысова тақырып өте өзекті, осы тақырыпта С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінде семинар ұйымдастыруды ұсынды.
