ЕҰУ да 39 білім беру бағдарламасын мамандандырылған аккредиттеу басталды
2024 жылғы 20 маусымда ЕҰУ-ға "ARQA" аккредиттеу және білім беру сапасын сараптау бойынша тәуелсіз агенттігі сараптамалық тобының сапары басталды
20-22 маусымда университетте 39 білім беру бағдарламасын мамандандырылған (қайта) аккредиттеу шеңберінде "ARQA" сараптамалық тобының сапары өтуде.
Аккредиттеуден өтіп жатқан білім беру бағдарламалары:
6В02203/7М02203/8D02203 (6D020300) – Тарих, 6В02208– Археология, этнология және антропология, 7М02208 – Археология және этнология, 6В03105/ 7М03105/8D03105 (6D050500) – Аймақтану, 6В02209/7М02209 – Шығыстану, 7М02212 – Түркітану, 6В02312 – Шетел филологиясы: түрік тілі, 8D03102 (6D020200) – Халықаралық қатынастар, 6В02310/7М02310 – Шетел филологиясы, 6B01717/ 7М01717 – Қазақ тілі мен әдебиеті, 6В01721 – Шетел тілі: екі шетел тілі, 7М01719 – Шетел тілі: екі шетел тілі (негізгі ағылшын тілі), 6В02307 – Аударма ісі, 7М02302 – Аударма ісі, 6В03204/7М03204/8D03204(6D050400) – Журналистика, 6В02122 – Баспа ісі, 7М03214 – Қоғаммен байланыс, 7М03109 – Этносаясаттану, 8D03106(6D050200) – Саясаттану, 6B03101/7M03101/8D03101 (6D050100) – Әлеуметтану, 7М01103/8D01103 (6D010300) – Педагогика және психология, 8D03104 (6D020400) – Мәдениеттану, 7М03103 – Психология, 7М03110 – Дағдарыс психологиясы, 7М01408 – Дене шынықтыру және спорт, 6В02206/7М02206 – Дінтану.
ARQA сараптамалық тобының құрамы: шетелдік сарапшылар –Уманкулова О.А., EdNet Білім беру саласындағы сапа кепілдігі агенттігінің президенті, Сапа кепілдігі жөніндегі Азия Тынық мұхиты желісінің Директорлар кеңесінің мүшесі (Қырғызстан Республикасы, Бішкек қ.), Шваков Е.Е., Халықаралық экономика, менеджмент және ақпараттық жүйелер институты директорының м. а., профессор, экономика және эконометрика кафедрасының меңгерушісі, э. ғ. д. (РФ, Барнаул қ.), сондай-ақ сараптамалық топ мүшелері – Сальников В.Г., "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" КЕАҚ метеорология және гидрология кафедрасының профессоры, геогр.ғ.д. (Алматы қ.), Турлыбекова А.М., "Торайғыров университеті" КЕАҚ "Қазақстан тарихы" кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доценті), т. ғ. к. (Павлодар қ.), Аубакирова Ж.С., Д. Серікбаев ат. ШҚТУ "Digital Social Research" халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, "Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер" кафедрасының қауымдастырылған профессоры, т. ғ. к. (Өскемен қ.), Бодеев К.Т., "Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" КЕАҚ тарих факультетінің археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының меңгерушісі, PhD (Қарағанды қ.), Габдуллин К.Т., "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" КЕАҚ "Түрксой" кафедрасы меңгерушісінің м. а., PhD (Алматы қ.), Мухамбедьярова А. Т., "Тұран" университетінің "Аймақтану және халықаралық қатынастар" кафедрасының профессоры, доцент, п. ғ. д. (Алматы қ.), Дәуен Д.Б., "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" КЕАҚ "Шығыстану" факультетінің қытайтану кафедрасының аға оқытушысы, PhD (Алматы қ.), Бүркітбай Г.Ж., "Абылай хан ат. Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті" АҚ Шығыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, ф. ғ. к., профессор (Алматы қ.), Махпиров В. У., "Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті" АҚ шетел филологиясы теориясы кафедрасының профессоры, ф.ғ. д. (Алматы қ.), Гаголина С.В., "Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" КЕАҚ Академиялық жұмыс департаменті директорының орынбасары, б.ғ. к. (Қарағанды қ.), Жумабеков М.К., "Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" КЕАҚ "Журналистика" кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф. ғ. к., Жумабеков М.К., "Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" КЕАҚ "Журналистика" кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф. ғ. к. (Қарағанды қ.), Ибраева Г.Ж., "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" КЕАҚ Журналистика факультетінің журналистика және коммуникация бойынша ЮНЕСКО кафедрасының профессоры, п. ғ. д. (Алматы қ.), Ибраева Ж. Е., "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" КЕАҚ Өнер факультетінің "Дизайн" кафедрасының доценті, х. ғ. к., Алтыбасарова М. А., "Торайғыров университеті" КЕАҚ "Философия және әлеуметтік ғылымдар" кафедрасының профессоры (Павлодар қ.), Андрющенко О. К., "Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті" КЕАҚ Басқарма мүшесі-Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры, қауымдастырылған профессор (доцент), ф.ғ. к. (Павлодар қ.), Жумабекова Б. К., қауымдастырылған профессор, ф.ғ.к."Торайғыров университеті" КЕАҚ "Шет тілі" кафедрасының меңгерушісі (Павлодар қ.), Саменова С. Н., "Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" КЕАҚ қазақ тіл білімі кафедрасы профессорының ассистенті, ф.ғ.к. (Қарағанды қ.), Кушкарова Г. К., "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті" КЕАҚ Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының қауымдастырылған профессоры, п. ғ. к. (Ақтөбе қ.), Ислам А., профессор, "Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті" АҚ Шет тілдері педагогика факультетінің деканы, ф.ғ.д. (Алматы қ.), Оралканова И.А., "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КЕАҚ Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректоры, PhD (Семей қ.), Жанарстанова М.Б., PhD, Astana IT University жалпы білім беру пәндері департаменті профессорының ассистенті (Астана қ.), Жумасултанова Г.А., "Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті" КЕАҚ "Саясаттану және әлеуметтану" кафедрасының қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к. (Қарағанды қ.), Сарбасова К.А., Қазақстан Республикасының Білім министрлігі "Өркен" балалардың әл-ауқатының Ұлттық ғылыми-практикалық институты" КЕАҚ "Өркен" балалардың әл-ауқатының Ұлттық ғылыми-практикалық институты" КЕАҚ бас сарапшысы, п.ғ.д. (Астана қ.), Нурматов Ж. Е., Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті "Теология " кафедрасының доцентінің м. а., PhD (Түркістан қ.), Мацкевич И.К., "С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті" КЕАҚ "Психология және түзету педагогикасы" кафедрасының профессоры, псих.ғ.к. (Өскемен қ.), Кошербаев Ж.А., "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" КЕАҚ Музыкалық білім және хореография кафедрасының меңгерушісі, PhD (Алматы қ.), Бодеев М.Т., "Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті" КЕАҚ Дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.к. (Қарағанды қ.), сарапшы-жұмыс беруші - Ашимханова Д.Э., "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" ЖШС директорының орынбасары, PhD (Астана қ.), сарапшы-білім алушы - Каримова А. С., "Астана халықаралық университеті" ЖШС 3 курс студенті (Астана қ.).
Аккредиттеу агенттігі тарапынан үйлестірушілер - Нәби Ы. А., ARQA агенттігі директорының кеңесшісі, Баймаганбетова Г. К., Каскеева Г.Б.
Сапар бағдарламасына сәйкес, күннің бірінші жартысында сарапшылардың ректормен, проректорлармен кездесулері, факультет декандары және кафедра меңгерушілерімен сұхбаттары өтті.
Күннің екінші жартысында сарапшылар аккредиттелетін білім беру бағдарламаларының материалдық-техникалық базасын тексерді, оның барысында сарапшылар тобының мүшелері факультеттердің оқу корпустарына, мамандандырылған кабинеттерге, "Отырар" ғылыми кітапханасына, спорт кешеніне, Л.Н. Гумилев мұражай-кабинетіне және университеттің басқа да инфрақұрылым объектілеріне барды.
Сондай-ақ департамент директорларымен және университеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен кездесу өткізілді.
Аккредиттеу және рейтинг бөлімі