
ЕҰУ өкілі «Су тұрақты даму үшін 2018-2028» халықаралық конференциясына қатысты

Душанбеде 2024 жылдың 10 маусымда жаратылыстану ғылымдары факультеті профессорының м.а., б.ғ.к. Ақбаева Ляйла 2018-2028 жылдардағы «Су тұрақты даму үшін» арналған халықаралық іс-қимыл онжылдығы бойынша жоғары деңгейдегі үшінші халықаралық конференция шеңберінде ғылым және технология форумына қатысты.
Форум Халықаралық су шаруашылығы институтымен, Швейцарияның даму және ынтымақтастық агенттігімен, Тәжікстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының су проблемалары, гидроэнергетика және экология институтымен бірлесе отырып, USAID су ресурстары және қоршаған орта жөніндегі өңірлік жобасымен ұйымдастырылды. Бұл форум болашақта институттар аралық және пәнаралық зерттеулер үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау үшін қатынастарды нығайту және ғылыми ақпарат алмасу мақсатында жетекші халықаралық, өңірлік және ұлттық зерттеу институттарының өкілдері үшін өткізіледі.
Форум 2023 жылдың маусым айында USAID Аймақтық су және қоршаған орта жобасы ұйымдастырған ғылыми институттар арасындағы екінші аймақтық конференцияның жалғасы болды. Форум Орталық Азиядағы су мәселелерін шешу үшін ақпарат, озық тәжірибелер және зерттеу нәтижелерімен бөлісу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен Академия өкілдерін, зерттеушілер мен ғалымдарды біріктіруге бағытталған.
