
Бастауыш білім беруді зерттеудегі және білімді бағалаудағы жаңа көкжиектер

Профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты Айгүл Салиева Тироль университетінің Педагогикалық колледжінде (Pädagogische Hochschule Tirol University), Вена экономика және бизнес университетінде (WU Vienna), Цюрих университетінде (Universität Zürich) іс-сапармен болды.
Ғылыми сапардың мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау ерекшеліктерін зерделеу; бастауыш білім беру үшін білікті мамандарды даярлаудағы педагогикалық колледждердің рөлін түсіну; бастауыш білім беруде қолданылатын білім беру әдістемелерімен және бағалау жүйесімен танысу; Австрия мен Швейцариядағы әріптестерімен халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды жолға қою.

Ғылыми сапар барысында қауымдастырылған профессор Dr.Christian Schops және Dr. Франц-Карл Скала, доктор Марио Vцtsch, Ингрид Хотарек, Норберт Уолднер, Сильвия Пикснер және Ханс Кристиан Рингермен кездесулер өтті. Талқылау барысында болашақ ынтымақтастықтың институционалдық перспективалары мен мүмкіндіктері қарастырылды.
Pädagogische Hochschule Tirol University жанындағы бастауыш мектепке бару іс жүзінде бастауыш білім беруде қолданылатын білім беру әдістерімен және бағалау жүйелерімен танысуға мүмкіндік берді.
Ғылыми сапар бастауыш білім беру және білімді бағалау саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды дамытудағы маңызды қадам болды, сонымен қатар Австрия мен Швейцария университеттеріндегі әріптестерімен зерттеу байланыстарын тереңдетуге ықпал етті.
- S.: Ғылыми сапар AP14869151 «Бастауыш мектепте білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі: қазақстандық контекстке шетелдік тәжірибе (Финляндия, Сингапур, Эстония)» гранттық қаржыландыру жобасы шеңберінде іске асырылды (ғылыми жетекшісі – А. Салиева).
