
8 білім беру бағдарламасының мамандандырылған аккредиттеу қорытындысы

«ARQA» Аккредиттеу және білім беру сапасын сараптау бойынша тәуелсіз агенттігінің 2024 жылғы 26 мамырдағы Аккредиттеу кеңесінің отырысында «7M07329 – Құрылыс», «8D07329 (6D072900) – Құрылыс», «6В06103 – Ақпараттық жүйелер», «7М06103 – Ақпараттық жүйелер», «8D06103 (6D070300) – Ақпараттық жүйелер», «6В06104 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «7М06104 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «8D06104 (6D070400) – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламаларын 5 жыл мерзімге халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден өткендігі туралы шешім қабылданды.
Сәулет-құрылыс факультеті, ақпараттық технологиялар факультеті декандарын, «Құрылыс», «Ақпараттық жүйелер», «Компьютерлік және программалық инженерия» кафедраларының меңгерушілерін, осы бағдарламаларды іске асыруға қатысатын профессор-оқытушылар құрамын, сондай-ақ университеттің құрылымдық бөлімшелерін білім беру бағдарламаларын сәтті аккредиттеумен құттықтаймыз!
Аккредиттеу туралы сертификаттар ЖОО сайтында "Мамандандырылған аккредиттеу" бөлімінде орналастырылған https://enu.kz/kz/page/university%2Faccreditation%2Faccreditation-of-degree-programs%2Farqa-independent-agency-for-recognition-and-quality-assurance-in-education%2F2024
Аккредиттеу және рейтинг бөлімі
