
ЕҰУ түлектеріне "Izbasar"бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өту мүмкіндігі беріледі
ЕҰУ-де ректордың м. а. Ардақ Бейсенбай «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өкілдерімен кездесті. Шара барысында тараптар экономика және қаржы мамандықтары бойынша университет түлектерінің «Ізбасар» бағдарламасына қатысу мүмкіндіктерін талқылады.
«Izbasar» – 2020 жылы құрылған жас мамандарды дамыту бағдарламасы.
Бағдарламаның мақсаты – университеттің үздік және дарынды түлектерін тарту. Бағдарламада «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ компаниясының тобында әрқайсысы 5 айлық 3 ротация кіреді және үздік сала мамандарынан дәріс алу, сондай-ақ айлық жалақы, бағдарлама барысында жол жүру және тұру кіреді. (еңбек өтілінде ресми шегеріммен 1,5 жыл тағылымдамадан өткені белгіленеді).
Экономика және Қаржы мамандықтары бойынша диплом алған түлектер үшін «Ізбасар» бағдарламасына өтініш берудің соңғы мерзімі 2024 жылдың 11 тамызына дейін (Астана уақыты бойынша 23.59-ға дейін).
Толық ақпарат бағдарламаның ресми сайтында: https://izbasar.kazatomprom.kz/ru
«Izbasar» бағдарламасы сәтті аяқтаған түлектерге одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар.
Сондай-ақ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ орналасқан (Ақмола, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары) өңірлерде туылған ЕҰУ-нің студенттері «Мұрагер» білім беру гранты бағдарламасына «ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ университетте бір жылға тегін грантта келесі мамандықтар бойынша қатысуға мүмкіндік алады: автоматтандыру және басқару; геология және пайдалы қазбаларды барлау; тау-кен инженериясы; металлургия; жылу энергетикасы; технологиялық машиналар мен жабдықтар; бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы; органикалық заттардың химиялық технологиясы; экология; электр энергетикасы өнеркәсібі; ядролық физика, техникалық физика.
Барлық мәліметтер жобаның ресми сайтында - https://murager.kazatomprom.kz/ru және Instagram парақшасында @muragerprogram желісіндегі бағдарлама.
«Мұрагер» бағдарламасына қатысу үшін студенттер веб-сайтқа кіріп, бағдарламаға қатысуға өтінім бере алады. Өтінім беру мерзімі 2024 жылдың 14 тамызына дейн.
