
ЕҰУ профессоры Малайзияда өткен «TropICon 2024» геотехникалық конференциясында дәріс оқыды







Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Асқар Жүсіпбеков Малайзияда өткен «TropICon 2024» тропикалық геоинженерия бойынша халықаралық геотехникалық конференцияға қатысты.
Профессор Асқар Жүсіпбеков шақырылған дәріскер ретінде форум қатысушыларын мегақұрылыстардың қадалар іргетастарының күрделі топырақ негіздерімен өзара іс-қимылының күрделі міндеттерінің геотехникалық шешімдерімен таныстырды.
Шақырылған профессор ЕҰУ т.ғ. д. Ramli Bin Nazir өз дәрісінде тропикалық топырақ саласындағы зерттеулердің негізгі бағыттарын көрсетті.
Айта кетейік, "Green Innovation as a Sustainable Solution for Geoengineering Issues in Tropical Regions" тақырыбында халықаралық геотехникалық конференция Кучинг қаласында (Малайзия) өтті.
Конференцияға 200-ден астам қатысушы қатысты, олар: Малайзия, Үндістан, Индонезия, Қазақстан, Австралия мемелекеттерінен келді.
Аталған халықаралық геотехникалық форумның негізгі ұйымдастырушысы: ЕҰУ-інен шақырылған т.ғ. д. Ramli Bin Nazir ғылыми жетекшілігімен Малайзия технология университетінің тропикалық геоинженерия орталығы, Куала-Лумпур қ., Малайзия және директор Dr. Dayang Zulaika Abang Hasbolloh.
Профессор Асқар Жүсіпбеков форумға қатысушыларды 2025 жылғы 28-30 тамызда Алматы қаласында өтетін геоақпараттық деректер базасы бойынша халықаралық геотехникалық конференцияға қатысуға шақырды.
