
Студенттік белсенділерді ЕҰУ-де ғылым және білім министрі тыңдады





17-18 шілде күндері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Студенттік кеңес отырысы өтті.
Министр Саясат Нұрбек қатысып,студент жастардың ой пікірін тыңдап,ғылым саласындағы тың жаңалықтармен бөлісті.
Сонымен қатар 19-20 шілде күндері өңірлік омбудсмендердің бейресми бірінші шақырылымы өтті. Шақырылымға өңірлік омбудсмендер және Қазақстан студенттері Альянсының белсенділері қатысты. Оларды біріктірген жаңадан тағайындалған Республикалық студенттік омбудсмен Ұлан Наукен мен Қазақстан студенттері Альянсының атқарушы директоры Аружан Бахитова.
Іс-шара Солтүстік Қазақстан облысы Имантау аймағында демалыс орнында өтті. Бұл кездесуді Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің омбудсмені Нэля Шапекова ұйымдастырумен болды.
Қатысушылар ұлттық ойын «Садақ ату», запастағы полковник, ЕҰУ үздіксіз білім беру институтының маманы Бегім Нұрмаханов жастарды ұлттық ойының ережесімен таныстырып, ашық шеберлік сабақ қөрсетті.
Сонымең қатар психолог Сауле Букетова «Адам, табиғат, қоғам» атты семинар-тренинг өткізді. Еркін форматтағы кездесуде жастар өздерінің түйіткілді сұрақтарына жауап алып, білімдері шыңдалды.
Нэля Шапекова осындай кездесулерді, дәстүрлі түрде, әр облыстарда өткізуге жоспарлады.
