
«Қазақстан халқына» қоры ЕҰУ-да оқуға грант бөлді









2024-2025 оқу жылында «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры (Қор) «Қазақстан халқына» ҚҚ Білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасы аясында бакалавриат бағдарламалары бойынша талапкерлерге Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне (ЕҰУ) күндізгі оқуға 15 білім беру грантын бөлді. Талапкерлер ЕҰУ-дің кез келген білім беру бағдарламалар тобы бойынша конкурстық негізде оқуға өтініш бере алады.
Білім беру грантын ізденушілер Қазақстан Республикасының келесі санаттағы азаматтары бола алады:
1) ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылар;
2) жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
3) мүгедектігі бар азаматтар;
4) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
5) 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;
6) 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар;
Бағдарламаға қатысудың шекті жасы толық 29 жасты құрайды.
Білім беру гранттары байқауына қатысу үшін құжаттар университеттердің қабылдау комиссияларына 10-17 тамыз аралығында тапсырылады.
Білім беру грантына ағымдағы күнтізбелік жылы ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша оқуға түсу үшін қажетті шектік балын жинаған (оның ішінде шығармашылық емтихандарды ескере отырып) талапкерлер қатыса алады. Грант тағайындалатын талапкерлердің тізімін Қор Басқармасы бекітеді. Бұл ретте Қор үміткердің бағдарлама өлшемдеріне сәйкестігіне ғана қарайды.
Білім беру грантының иегерлеріне оқу жылына 1 миллион теңгеге дейін оқу ақысы төленеді және бүкіл оқу мерзімі ішінде 40 000 теңге мөлшерінде ай сайынғы шәкіртақы төленеді. Шәкіртақы жазғы демалыс кезеңін қоспағанда, 10 ай ішінде (жыл сайын) төленеді.
Ескерту:
- Білім беру гранты бір рет ұсынылатын атаулы грант болып табылады.
- Екінші жоғары білім алуға білім беру грантын алуға жол берілмейді.
- Білім беру гранты:
- өз қалауы бойынша оқудан шығарылған жағдайларда;
- үлгерімінің төмен болуына байланысты оқудан шығарылған жағдайларда;
- студент оқудың екінші жылына қалдырылған жағдайда;
- білім беру гранты иеленушісінің Бағдарлама қатысушы екендігін растайтын күмәнді ақпарат және/немесе дәйексіз құжаттар ұсынылған жағдайда тоқтатылады.
Грант ЖЖОКБҰ тізімі және грант саны бойынша толық мағлұматпен «Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру гранттары» бөлімінде таныса аласыз.
Телефон: 8 (7172) 709450, Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 11, ОҒ№ 5 (УЛК).
