ЕҰУ студенттері Қазанда өткен Жазғы университетіне қатысты
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері 8-22 шілде аралығында Ресей Федерациясының ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен өткен Қазан федералды (Еділ) университетінің жазғы университетіне қатысты. Жазғы университет 15 елден келген 400-ден астам студент қатысуымен өтті. Еуразия ұлттық университеті серіктес университет ретінде шақырылды.
Жазғы университет бағдарламасы студенттерге арналған 6 трек және оқытушыларға арналған 1 тректі қамтыды. ЕҰУ атынан әр түрлі мамандықтардан 6 студент қатысып, «Тіл. Мәдениет. Шығармашылық» трегі бойынша білім алды. Бұл трекке 6 елден 100-ден астам студент қатысты. Екі апта бойы студенттер ҚФУ ғылыми салаға еніп өз жобаларын жасау арқылы білімдерін бекітті. Оқытушыларға арналған тректе білім берудегі жобаларды басқару бағдарламасы және оқытудың заманауи әдістері көрсетілді. Қазан қаласы мен оның шетіндегі тарихи орындарға, обсерватория мен планетарийге экскурсиялар ұйымдастырылды; ғылыми салада ашылған сирек аспаптар, материалдар мен өнертабыстар қойылған ҚФУ институттарының мұражайлары көрсетліді. Бірінші күні Global Village ұйымдастырылды, онда студенттер мен оқытушылар өз елдерін, университеттерін, мәдениетін, ұлттық киімдері мен тағамдарын ұсынды.
Жазғы университет барысында ҚФУ басшылығымен кездесулер және ЕҰУ студенттері қатысқан бірнеше музыкалық іс-шаралар өткізілді.
Жазғы университеттің аяқталуы студенттердің жобаларын қорғау ретінде болды. Қазақстан мен Абхазиядан келген бір топ студенттер «Тыбыз – ғылыми-зерттеу әдебиеттерінің қазақ және абхаз тілдеріне аудармалары» атты жобаны қорғады, оның қатысушылары «Психология» және «Әлеуметтану» мамандықтары бойынша 3 және 2 курс студенттері Дана Есбергенова және Мерей Рахымжанова үш трек сайысында бірінші орынға ие болды. Жеңімпаздарға студенттер ҚФУ-ге түскен кезде жеңілдік беретін және 2 жыл бойы жарамды сертификаттар берілді.