
39 білім беру бағдарламасы бойынша халықаралық мамандандырылған аккредиттеу қорытындысы

2024 жылдың 25 маусымында «ARQA» Аккредиттеу және білім беру сапасын сараптау бойынша тәуелсіз агенттігінің Аккредиттеу кеңесінің отырысында университеттің 39 білім беру бағдарламасы:
6В02203/7М02203/8D02203 (6D020300) – Тарих, 6В02208 – Археология, этнология және антропология, 7М02208 – Археология және этнология, 6В03105/ 7М03105/8D03105 (6D050500) – Аймақтану, 6В02209/7М02209 – Шығыстану, 7М02212 – Түркітану, 6В02312 – Шетел филологиясы: түрік тілі, 8D03102 (6D020200) – Халықаралық қатынастар, 6В02310/7М02310 – Шетел филологиясы, 6B01717/ 7М01717 – Қазақ тілі мен әдебиеті, 6В01721 – Шетел тілі: екі шетел тілі, 7М01719 – Шетел тілі: екі шетел тілі (негізгі ағылшын тілі), 6В02307 – Аударма ісі, 7М02302 – Аударма ісі, 6В03204/7М03204/8D03204(6D050400) – Журналистика, 6В02122 – Баспа ісі, 7М03214 – Қоғаммен байланыс, 7М03109 – Этносаясаттану, 8D03106(6D050200) – Саясаттану, 6B03101/7M03101/8D03101 (6D050100) – Әлеуметтану, 7М01103/8D01103 (6D010300) – Педагогика және психология, 8D03104 (6D020400) – Мәдениеттану, 7М03103 – Психология, 7М03110 – Дағдарыс психологиясы, 7М01408 – Дене шынықтыру және спорт, 6В02206/7М02206 – Дінтану 5 жылға мамандандырылған аккредиттеуден өткендігі туралы шешім қабылданды.
Осы бағдарламаларды жүзеге асыруға атсалысқан декандар мен кафедра меңгерушілерін, сондай-ақ университеттің құрылымдық бөлімшелерін білім беру бағдарламаларын аккредиттеуден сәтті өтулерімен құттықтаймыз!
Аккредиттеу сертификаттары университет сайтындағы «Мамандандырылған аккредиттеу» бөлімінде орналастырылған
