
Дайындық бөлімі оқуға құжаттарды қабылдауды 5 тамыздан бастайды

Осы жылдан бастап конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдауды университеттің қабылдау комиссиясы онлайн және офлайн форматтарда жүзеге асырады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі-2024 жылғы 5 тамыздан 5 қыркүйекке дейін.
Үміткерлер құжаттарды қабылдау комиссиясына қағаз түрінде Қажымұқан көшесі, 11 мекенжайы бойынша ұсынады немесе құжаттарды электронды түрде enupodkurs2020@gmail.com. электрондық поштаға жібереді.
Онлайн әңгімелесуге қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
-
ректордың атына өтініш;
-
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (егер құжат толығымен шет тілінде болған жағдайда қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы);
-
білімі туралы құжаты және қосымшасы (егер құжат толығымен шет тілінде болған жағдайда қазақ немесе орыс тіліне (мөрімен қоса) нотариалды куәландырылған аудармасы);
-
үміткердің тұрғылықты жерінің ресми денсаулық сақтау органы берген шетелде білім алуға арналған денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама немесе № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген флюорография суреті бар 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама;
-
3х4 көлеміндегі фотосурет (электрондық формат).
Онлайн әңгімелесу 2024 жылғы 10-14 қыркүйек аралығында өткізіледі.
Толығырақ ақпаратты (конкурстық іріктеуді жүргізу тәртібі, онлайн әңгімелесу кестесі, өтініш үлгісі және т.б.) https://enu.kz/kz сайтындағы «Foundation» бөлімінен алуға болады.
