
Еліміздің талапкерлерінің рекордтық саны ЕҰУ-ға грантқа түсті



Байқау қорытындысы бойынша республикалық білім грантына Еуразия ұлттық университетіне 4392 талапкер түсті, бұл бүкіл ел бойынша рекордтық көрсеткіш болып табылады. Шекті баллдың жоғарылауына қарамастан, талапкерлердің көпшілігі ЕҰУ-ды таңдады. Биылғы жылы педагогика ғылымдары, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқуға түсушілер арасында жоғары сұранысқа ие бағыттар болды.
Алғашқы рет ішінара оқу ақысы бар (50%) сараланған гранттар енгізілді. «Педагогикалық ғылымдар» және «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» бағыттары бойынша 150 сараланған гранттар бөлінген. ЕНУ - 68 (6В01-Педагогикалық ғылымдар бойынша - 31, 6В03 - Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат-38) талапкер сараланған грант иегері атанды.
Атап өтсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес халық тығыз қоныстанған батыс және жаңадан құрылған өңірлердің жастары үшін гранттар назардан тыс қалмады. Гранттар тізімінде 5000 халық тығыз қоныстанған және батыс өңірлердің жастарын жетекші жоғары оқу орындарында оқыту үшін мақсатты білім беру гранты бар.
Сонымен қатар, гранттарды бөлу кезінде әлеуметтік осал санаттағы балаларға арналған квоталар ескерілген.
Талапкерлер конкурсқа 2024 жылдың 16 мамыры мен 12 шілдесі аралығында өткен ұлттық бірыңғай тестілеу (су басқан аймақтарды қоса алғанда) сертификатының бірімен қатысты.
Жалпы конкурс бойынша -2952, Халықаралық келісім бойынша -14 талапкер білім беру гранты иегерлері атанды.
Сондай-ақ, конкурста:
Университетіміздің грант иегерлері арасында басым құқығы мен жеңілдіктері бойынша:
- Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін квота жобасы бойынша – 316 білім беру гранты иегерлері атанды;
- кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар бойынша – 75 білім беру гранты иегерлері атанды;
- кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар бойынша – 28 білім беру гранты иегерлері атанды;
- Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, ұлты қазақ тұлғалар – 264 білім беру гранты иегерлері атанды;
- жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасын жоғалтқан немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар саны - 22 білім беру гранты иегерлері атанды;
- I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектер бар адамдар, мүгедек балалар саны - 22 білім беру гранты иегерлері атанды;
- бала кезінен мүгедек балаларды, бірінші және екінші топтардағы мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар бойынша – 16 білім беру гранты иегерлері атанды;
- Арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертiгуi (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілердің балаларының (оның ішінде асырап алған ұлдарын, асырап алған қыздарын, бірге тұратын өгей ұлдары мен өгей қыздарын) тізімі бойынша -2 білім беру гранты иегерлері атанды.
- Халықаралық және республикалық олимпиадалардың, ғылыми жарыстардың, орындаушылық конкурстар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары – 3 білім беру гранты иегерлері атанды;
- Мақсатты грант бойынша - 203 білім беру гранты иегерлері атанды.
- Төтенше жағдай өңірлері квотасы бойынша - 407 білім беру гранты иегерлері атанды.
Нормативті-құқықтық актілерге сәйкес студенттер қатарына қабылдау жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларымен 2024 жылғы 25 тамызға (қоса есептегенде) дейін жүзеге асырылды.
Білім беру гранттары игерлерінің электрондық куәлігін https://grant.testcenter.kz сілтемесі арқылы (ЖСН және ТЖК енгізу арқылы) жүктеуге болады.
