
"Жылуэнергетика" кафедрасында ғылыми семинар. Шақырылған профессор Кибарин А.А.

2024 жылдың 04 қыркүйегінде Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетінің «Жылуэнергетика» кафедрасында ғылыми семинар өткізді. Ғылыми семиранда шақырылған ғалым – техника ғылымдарының кандидаты, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің «Жылу энергетикалық қондырғылар» кафедрасының профессоры (Алматы қ.) Андрей Анатольевич Кибарин баяндама жасады.
Баяндама тақырыбы – «Төмен шығарындылары бар отынды жағу технологиялары». Баяндама барысында Кибарин А.А. газтурбиналық қондырғылардың және газтурбиналық қозғалтқыштардың жану камераларында қолданылатын аз шығарындылары бар жанарғы құрылғыларын зерттеу нәтижелерін ұсынды. Бұл зерттеулер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранты аясында жүзеге асырылады.
Семинар қатысушылар арасында қызу пікірталас тудырып, энергетика саласы үшін экологиялық таза технологияларды әзірлеу бойынша тәжірибе мен білім алмасуға жағдай жасады.
Тыңдаушылар ретінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Жылуэнергетика» кафедрасының оқытушылары, студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты.

