
ЕҰУ студенттерінің қонағы - австриялық жазушы

Еуразия ұлттық университетінде неміс тілін үйренетін филология факультетінің студенттері австриялық жазушы Маркус Кёлемен кездесті. Кездесуді Қазақстандағы Австрия Елшілігінің қатысуымен Шетел филологиясы кафедрасы ұйымдастырды.
Студенттерді Австрияның уақытша сенімді өкілі Гаррис Икбал мырза алғы сөзбен қарсы алды. Ол кафедраға Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ға бару мүмкіндігі үшін алғысын білдірді, атап айтқанда, Австрия елшілігі Қазақстан мен Австрия арасындағы мәдени байланыстарды қолдауға, мәдени құндылықтарды таратуға және қазақстандық жастарды Австрияның әдеби жаңалықтарымен таныстыруға және еуропалық әдебиетті зерттеуге көп көңіл бөлетінін айтты.
Филология факультетінің деканы Серікзат Дүйсенғазы құттықтау сөз сөйлеп, неміс тілін оқитын студенттер үшін осындай іс-шараның маңыздылығын атап өтті.Австрия жазушысымен кездесу практикалық білімге үлес қосады және диалогта қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырады. Іс – шараның негізгі қонағы - Австрияның заманауи жазушысы Маркус Кёле -бірнеше әдеби сыйлықтардың иегері, Еуропада танымал жазушы және ақын, оқырмандармен, әуесқойлармен және авторлық әдеби шығармашылықты білушілермен кездесу мақсатында шет елдерге белсенді саяхаттайды.
Маркус Кёле тыңдаушылармен жанды қарым-қатынаста болды, өзінің бірнеше өлеңдерін жатқа оқыды, олардың мазмұнын түсіндіруде студенттерді қызығушылықтарын арттыру мақсатында ойын түрінде ұсынды. Студенттер жазушының шы, армашылығына үлкен қызығушылық танытты, Маркус Кёле ерекше ықыласпен студенттердің сұрақтарына жауап берді. Кафедра профессорлары шығармалардың ерекше стилистикасын, авторға тән тілдік бірліктерді атап өтіп, ғылыми зерттеулер жазу кезінде материалдарды пайдалану идеялары үшін алғыстарын білдірді. Бұған жауап ретінде Маркус Кёле Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ неміс тілі мен мәдениеті орталығының қорына бірнеше кітабын сыйлады.
