
Қазақстанның биологиялық алуантүрлігін сақтау мәселелері
ЕҰУ жаңалықтары
21.09.2024 409

18 қыркүйек 2024 жылы Физикалық және экономикалық география кафедрасында ғылыми семинар өтті. Кафедраның аға оқытушы, биология ғылымдарының кандидаты Ж.М. Карагойшин «Қазақстанның биологиялық алуантүрлігін сақтау мәселелері» тақырыбында баяндама жасады. Семинар барысында келесі сұрақтар қарастырылды:
- Қазақстанның аңдары мен құстары, олардың таралуы, адам өмірі мен халық шаруашылығында алатын орны, экологиялық топтары туралы;
- Қазақстанның сирек және жойылып кету қаупі бар аңдары мен құстарының қазіргі кездегі жағдайы, оларға әсер ететін факторлар;
- Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген жануарлар, олардың қазіргі кездегі жағдайы мен таралуы, саны.
- Қазақстанның аңшылық аңдары мен құстары, олардың биологиялық-экологиялық ерекшеліктері мен таралуы, соңғы кездегі жағдайы.
Семинарға 60-тан астам студенттер, магистранттар мен жас ғалымдар, мамандар қатысты. Қазақстанда аңшылықты дамыту арқылы елімізді, аңшылық өнерімізді әлемге паш етуіміздің қажеттігі, осы орайда қазіргі таңда аңшылық арқылы еліміздің экономикасының дамуына аз да болса үлес қосу үшін пайдалануымыздың керектігі туралы айтылды. Семинарда жануарлар туралы көптеген сұрақтар қойылып, қазіргі таралуы туралы мағлұматтар алды.
Бөлісу:
