
KMG PetroChem ЕҰУ студенттері үшін қызықты "QWIZ" өткізді
Практика
ЕҰУ жаңалықтары
23.09.2024 494















Қыркүйек айының 22-інші жұлдызында KMG PetroChem Мұнай - газ химиясы саласын дамыту мақсатында ЕҰУ-нің ЖҒФ ішінен химия кафедрасының студенттерінің қатысуымен KMG PetroChem Мұнай - газ компаниясы ұйымдастыруымен “QWIZ” өткізілді.
Аталған іс-шара өте жоғары деңгейде өтті. Қатысқан ЕҰУ-нің химия кафедрасының “Органикалық заттар және полимерлер химиясы” мамандығында оқып жатқан 3,4 курс студенттер қатысты. Қызықты сұрақтар студенттерге өте ұнады. “QWIZ” өте көңілді өтті. Таң қалдырған сыйлықтар болды. Олар өз белсендіктерін шыңдап, іс-шарадан риза боп қайтты. Іс-шараға Химия кафедрасының доценті Ж.Қ. Жатқанбаева, аға оқытушылар Н.Е. Айкенова, Г.К. Жумабаева қатысты.
Бөлісу:
