ЕҰУ жоғары оқу орындарында оқу аудармасының сапасын бағалаудың өзекті мәселелерін талқылады
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде орыс филологиясы кафедрасының қатысуымен «ЖОО-да оқу саласы аудармасының сапасын бағалаудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелді АР 19680449 «Ғылыми және оқу саласында аударма сапасын бағалау» гранттық қаржыландыру бойынша жобаның орындаушылары, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқытушылары мен қызметкерлері ғылыми жобамен таныстыру шеңберінде өткізді. Филология факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-курс студенттерінің қатысуымен болған кездесуде ф.ғ.д., профессор А.Жұмабекова(жоба жетекшісі)және жобаны орындаушылар ф.ғ.к. Н.Шенгелбаева, магистр А.Оспанова сөз сөйледі. Гумилев атындағы ЕҰУ тарапынан кафедраның аға оқытушысы, PhD А. Жұмсақбаев қатысты.
Жоба орындаушылары өздерінің зерттеу міндеттері мен алынған нәтижелерімен бөлісіп, аталған оқу орнының оқытушыларымен және аударма зерттеушілерімен тәжірибе алмасты. Сондай-ақ «Гуманитарлық бағыттағы 100 оқулықты қазақ тіліне аудару» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде филология бағытындағы 5 оқулықтың, атап айтқанда: С. Тер-Минасова, В. Фpомкин, Р. Pодман, Н. Хайамс, Т. Янсон, С. Пинкер және М. Райанның еңбектерін ағылшын және орыс тілдерінен қазақ тіліне аударудағы сыртқы және ішкі бағалау сапасының аралық нәтижелерімен бөлісті. Бұл шараның жоғарыда көрсетілген аударылған оқулықтардың мақсатты аудиториясындағы білім алушы студенттер үшін маңыздылығы зор екенін атап өткен жөн. Студенттер ғылыми және оқу аудармасының сапасын бағалаудың түрлі үлгілерімен танысты. Ғылыми жобаға қатысушылардың жасаған баяндамалары осы кездесуге белсенді қатысқан студенттер тарапынан үлкен қызығушылықтарға ие болды.