
ЕҰУ-да ғылыми кітапханасында Раушан Бүркітбаева-Нүкенованың шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті

Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында Раушан Асанқызы Бүркітбаева-Нүкенованың поэтикалық шығармашылығына арналған «Болмыс пен тұрмыс әсерлерінің әр алуандығы» атты әдеби кеш өтті.
Кешті Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің орыс филология кафедрасы ғылыми кітапхана қызметшілерімен бірігіп ұйымдастырды.
Филология факультетінің деканы Серікзат Дүйсенғазының:
«Мен өзім де ақынмын, сондықтан поэзияның біздің өмірімізде қаншалықты маңызды екенін және студенттеріміздің отандық әдебиетшілермен кездесуі қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінемін»-деп пікір білдірді.
Филология кафедрасының меңгерушісі Қадиша Нұрғали Раушан Асанқызы поэзиясын филология факультетінің оқытушылары мен студенттері жақсы білетіні, ақынның есімі терең және шыңайы поэтикалық шығармашылықтың синонимы болып табылатындығы және Раушан Асанқызы - Қазақстан, Ресей, Франция, Англияда шыққан 30-дан астам кітаптың авторы екендігі туралы айтты.
Ақын шығармашылығы туралы «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 4 курс студенттері Ерболат Дана мен Турабекова Индира толық айтып берді. Креативті бейнеконтентті әдеби кешке арнап студент Жарлықасым Жансая дайындады. Әдеби кеште екі магистральдық тақырыпқа – өнер тақырыбына және Раушан Бүркітбаева-Нүкенованың шығармашылығындағы балалық шақ тақырыбына көп көңіл бөлінді.
«Орыс тілі мен әдебиет» және «Орыс филология» мамандығының 4 курс студенттері Мухамадиева Камила, Есенбек Карлыгаш, Адамович Юлия, Амиргалиева Дианелия, Бегенова Арайлым, Мунбеков Музарт ақынның «Джоконда жұмбағы», «Импрессионизм - Клод Моне», «Марлен Дитрих», «Шер-Бур қолшатырлары», «Бетховенға арнау», «Дос-Мұқасан», «Құдайға сыйыну» өлеңдерін оқыды. Студент Сәрсенбай Меруерт «Менің балалық шағым станциясы» повесі негізінде құрылған әсерлі монологты мәнерлеп оқыды.
Кештің кульминациясы - ақынның сөйлеген сөзі болды. Раушан Асанқызы өзінің поэтикалық шығармаларын ерекше шабытпен оқыды. Әлия Молдағұловаға арналған поэма оқытушылар мен студенттер көңілдерінде ерекше әсер қалдырды.
Кеш «Роберт Бернске» арналған (Турабекова Индира, РЯЛ-42) әнімен және Р. Бүркітбаева-Нүкенованың қолтаңба сессиясымен аяқталды.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің орыс филология кафедрасы
