
ЕҰУ ардагер оқытушыларры мен жас ғалымдары Астанадағы жайлы мектеп ұжымымен кездесті





ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырысымен елімізде «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы іске асыруылда. Аталған жоба үш негізгі мәселені шешуге бағытталған еді: апатты мектептерді жою; үш ауысымды оқытуды жою; оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешу. 2023-24 жж еліміздің түкпір-түкпірінде заманға сай жаңа мектептер бой көтерді.
ҚР Президентінің «Әділ Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты 2024 ж қыркүйек Жолдауында: «842 мың балаға арналған 401 жаңа мектеп салынады»деп айтылды. Аталған Жолдауда: «.Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстың беталысы жақсы, оны жалғастыру қажет», - деген сөздеріне қанаттанған университеттің ардагер оқтушырары мен жас ғалымдары өткен аптада Астана қаласында жаңадан ашылған 101- жайлы мектептің басшылары және оқытушылар ұжымымен кездесу өткізді. Кездесуді ұйымдастырушы Жабай Қалиев - Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан-Беларусь ғылыми-техникалық ынтымақтастық орталығының директоры. Кездесуге Жабай Нұрмақұлымен бірге университеттің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Күлзира Искакова, Сейтқали Дүйсен, ЕҰУ «Ел тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, университет тарих факультетінің түлектері: Саят Набиев, «Bilim-orkenieti» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы басшысының орынбасары, Каиркен Адиет, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясы қызметкері, Даурен Смагулов, Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының сеньер-лекторы қатысып, жиналғандарды жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, жаңа мектепте жаңа табыстар тіледі.
Университетен келген ғалымдарды 101- жайлы мектеп директоры - «Қазақстан Республикасының инновациялық мекемелердің ең үздік директоры», «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы құрметті қызметкері» атақтарының иегері Алма Жұмабекова қарсы алып, мектепті аралатып, көрсетіп, таныстырды. Мектепте 4000 оқушы білім алады, 13 жас маман – мұғалімдер (оқу озаттары) қызметке іріктелініп алынған.
Біз байқаған 101- жайлы мектептің жалпы білім беретін мектептерден бірден көзге түскен айырмашылығы: жаңа мектеп ұлттық нақышта безендірілген (оқытушылардың көбі де ұлттық киімде, ал оқушылар ақ көйлек, ақ кофтада) іші жарық, сәулетті, сондықтан, келген адамды құшақ жая қарсы алады екен. Мектеп аумағында спортпен шұғылдануға және басқа да іс-шараларға арналған алаңдар жасалған және жас ерекшелігіне сәйкес келтірілген үш спорт залдары; сыныптарда заманауи компьютерлер мен интерактивті тақталар орнатылған. Пән (физика, биология,тіл, т.б.) кабинеттері жабдықталған, пәндерді оқытуға ыңғайластырылған. Бұл өз кезегінде оқушылардың толыққанды білім алуына зор ықпал етеді деп сенеміз.Еуразияшылдық делегация келешекте 101- жайлы мектеп ұжымымен ғылыми, тәрбиелік жұмыстар бойынша тығыз қарым-қатнаста болуға келісті.
