Лев Гумилевтің туғанына 112 жыл толуына және ҚР жоғары білім қызметкерлері күніне орай «ENU marathon – 2024» өтті
Көрнекті ғалым, тарихшы-этнолог Лев Гумилевтің туғанына 112 жыл толуына және ҚР жоғары білім қызметкерлері күніне орай дәстүрлі «ENU marathon – 2024» өтті. Ақбұлақ өзенін жағалай жалпы арақашықтығы 10 шақырымды құрайтын додаға 250-ден астам адам қатысты. Студенттер мен оқытушылар қатысқан марафонда студенттер 10 шақырымды, ал оқытушылар 6 шақырымды еңсерді.
Оқытушылар мен қызметкерлер арасында 6 шақырымды 27 минут 42 секундта жүгіріп өткен Мергалиев Мейрхан жеңімпаз атанды. Екінші орынды әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, әлеуметтану кафедрасының асс.профессоры Салықжанов Рамазан Саттарұлы иеленсе, мәре сызығын доктор PhD, қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы Салықжанова Шынар кесті.
Студенттер арасында Физика-техника ғылыми институтының 2 курс студенті Муканов Тохтар 10 шақырымды 34 минут 53 секундта жүгіріп өтіп, жеңімпаз атанды. Екінші орынды Білім жоғары мектебінің 3 курс студенті Эрхен Бәделхан, үшінші орынды Көлік-энергетика факультетінің 1 курс студенті Уалиханов Айбек иеленді.
Сонымен қатар марафонның өтуіне университетіміздің омбудсмені Нэля Лұқпанқызы қолдау білдірді. Қатысушыларға жүгірістен алдын арнайы жаттығулар жасалды. Марафонды сәтті аяқтаған студенттер мен ұстаздар дастарқаннан дәм татты.