
Ерен еңбегі үшін медалі





2024 жылдың 2 қазанында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Шара барысында Рауылұлы Құдайберген Туризм және спорт министрі Ербол Қуантайұлы Мырзабосыновтың қолынан мемлекеттік награда алды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен экономика, әлеуметтік сала, ғылым,спорт, мәдениет және мемлекеттік қызмет саласындағы азаматтар жетістіктері үшін марапатталады. Марапатталғандар арасында мәдениет, ғылым, білім, денсаулық сақтау саласының көрнекті қайраткерлері, өндіріс саласы мен бизнес өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметкерлер, спортшылар, сондай-ақ соғыс және еңбек ардагерлері бар.
«Ерен еңбегі үшін» медалі – Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградалары туралы» Заңына сәйкес тағайындалған Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы.
