
ЕҰУ-да ICDIM-2024 «Диэлектрлік материалдардағы ақаулар» XXI халықаралық конференциясы өтуде
















Еуразия ұлттық университетінде ICDIM-2024 «Диэлектрлік материалдардағы ақаулар» 21-ші халықаралық конференциясының ашылуы өтті. Іс-шараға 15 елден 80-нен астам физик-ғалымдар жиналды.
Евразия ұлттық университетінің ұйымдастыруымен атқарылып жатқан аталмыш шара алғаш рет Қазақстанда және Орталық Азияда өткізілуде.
Конференция изоляторлар мен металл емес материалдардағы ақауларға қатысты зерттеулерге арналған. «ICDIM – 2024» ғылыми конференциясы 1956 жылы АҚШ-тың Аргонна қаласында «Сілтілі галоидты кристалдардағы бояу орталықтары» тақырыбымен алғаш рет өтті. Қазіргі таңда ICDIM және EURODIM конференциялары төрт жыл сайын өткізіліп отыратын оқшаулағыштардағы ақауларға байланысты ғылым мен технология құбылыстары бойынша ең танымал және ұзаққа созылған халықаралық форумдардың біріне айналды.
Конференция төрағалары физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Алма Дәулетбекова және ғылым докторы, Латвия университетінің қатты дене физикасы институтының жетекші ғылыми қызметкері Анатолий Попов.
Іс-шара барысында қатысушылар изоляторлар мен металл емес материалдардың ақаулары саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер туралы дәрістер оқыды.
Конференцияға АҚШ, Ресей, Қытай, Жапония, Латвия, Польша, Украина, Беларусь, Германия, Ұлыбритания және тағы басқада 15-тен астам мемлекеттен келген физика ғалымдары қатысты.
