
ЕҰУ-да Апгрейд-секторы ашылды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Апгрейд-секторын ашты. Бұл кәсіби дағдыларды дамыту, біліктілікті арттыру және түлектердің карьералық және жеке өсуіне қолдау көрсету үшін құрылған заманауи алаң.
Апгрейд сектор үздіксіз білім беру Институтымен бірлесіп біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырады, олар қосымша кәсіптік білім берудің негізгі нысаны бола отырып, кәсіптік білім мен дағдыларды жаңартады және тереңдетеді, олардың біліктілігіне қойылатын талаптардың үнемі артуына байланысты маманның практикалық дағдыларырын жетілдіреді. Бағыттар бойынша біліктілікті арттыру курстарының тізбесі үздіксіз білім беру институтының сайтында орналастырылған https://ino.enu.kz
Келесі курстарды ұсынамыз:
- Кәсіптік білімі бар, бірақ педагогикалық білімі жоқ тұлғаларды педагогикалық қайта даярлау «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Шет тілі», «Тарих», «Математика», «Физика», «Информатика», «Химия», «Биология», «География», «Педагогика және психология», «Көркем еңбек». Курстарда тиісті бейін бойынша педагогтың кәсіби қызметіне алғаш кірісетін барлық тілек білдірушілер оқи алады. Қайта даярлау бағдарламасы педагогикалық қайта даярлау қағидаларына сәйкес іске асырылады (ҚР БҒМ 17.03.2020 жылғы №110 бұйрығы). Кәсіптік қайта даярлау курстары жоғары білім базасында («Орта білім беру ұйымының Педагог-ассистенті», «Арнайы педагог (логопед)», «Экскурсовод» және т.б. қосымша кәсіптік білім беру бағдарламалары) қосымша кәсіптік білім алуға мүмкіндік береді. Курстар аяқталғаннан кейін тыңдаушы сертификат алады.
- Ағылшын тілі деңгейін анықтау бойынша тестілеу дербес қаржыландырумен академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде сертификат алу, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттар бағдарламалары, «ENU Students Ambassador» ішінара қаржыландыру бағдарламалары, сондай-ақ басқа да Халықаралық бағдарламалар (бағдарламалар шетелге офлайн форматта жіберілген кезде іске асырылатын болады) бойынша оқыту мақсатында ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайды).
- «HCIA Datacom» халықаралық сертификатталған курсы АКТ инфрақұрылымын сертификаттау санатына жатады, бұл Routing and Switching сертификатының жаңартылған нұсқасы. Huawei оқу курсын сәтті аяқтағаннан кейін курс тыңдаушылары халықаралық үлгідегі сертификат алуға емтихан тапсыра алады, бұл жас мамандарға қазақстандық және шетелдік компанияларда жұмысқа орналасу кезінде мүмкіндіктер мен артықшылықтар береді.
- ACCA емтихандары (The Association of Chartered Certified Accountants);
F1–Accountant in Business;
F2–Management Accounting;
F3–Financial Accounting;
F4–Corporate and Business Law, Introduction to Finance and Business (Rus). F1-F4 қолданбалы білім емтихандары бухгалтерлік есептің негізгі әдістері туралы кең түсінік беретін қаржы және бухгалтерлік есеп әлеміне ерекше кіріспе болып табылады.
- «Қаржы және бизнесті басқару» дипломы-1 емтихан (қаржы және бизнесті басқаруға кіріспе-IFB)
Емтихан (қаржы және бизнесті басқару-IFB) бұл ACCA біліктілігінің келесі қадамы. Ол әрі қарай кәсіби өсу үшін маңызды білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік береді және сонымен бірге ACCA ның толық халықаралық біліктілігін алу қадамдарының бірі болып табылады.
Курстарға тіркелу тәртібі:
1) курсты оқығысы келетін түлек сілтеме бойынша карьера және бизнес-әріптестік бөлімінде өтінім ресімдейді https://forms.office.com/r/Stv2r5wCVz;
2) карьера және бизнес-әріптестік бөлімі курстарда оқу үшін тыңдаушылар тобын құрады;
3) Үздіксіз білім беру институты курстарды ұйымдастырады және оқу қорытындысы бойынша бітірушіге белгіленген үлгідегі сертификат беріледі.
Барлық тілек білдірушілерді шақырамыз! Білім мен карьераны дамытудың жаңа кезеңінің бөлігі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Қосымша ақпарат алу үшін бізбен мына мекенжай бойынша хабарласыңыз: Астана қ., Сәтбаев к-сі, 2, бас ғимарат, каб.121, тел.: +7 (7172) 709-466, 709-500 (ішкі тел.: 31-148, 31-166, 31-450), Моб.: +7 708 425 3087 (WhatsApp)
