
КЕЗЕКТІ ОҚЫТУ ТРЕНИНГІ ӨТКІЗІЛДІ

Құрметті зерттеушілер, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушылары, магистранттары және докторанттары үшін «ҒЗЖ және институционалдық репозиторийді қолдау бөлімі» әлемдік цифрлық ресурстар мен платформалардың лицензиялық ғылыми басылымдарымен жұмыс жөніндегі оқыту тренингтері туралы еске саламыз. Іс-шаралар ғылыми жұмыс, деректерді талдау және медиа сауаттылық сияқты салалар бойынша дағдыларды арттыруға арналған.
Тренингтер келесі сұрақтарды қамтиды:
- ғылыми ақпаратты іздеудің және сыни бағалаудың тиімді әдістері;
- лицензиялық ғылыми деректер базасы мен ресурстарды пайдалану;
- ғылымиметрикалық дерекқорларды пайдалана отырып, ғылыми ақпаратты талдау стратегиялары;
- зерттеушілердің профильдерімен жұмыс;
- зерттеу тақырыбы бойынша әдебиетті іріктеу;
- библиография құралдары мен сервистері және т.б.
Егер сіз білгіңіз келсе:
Қашан? Тренингтер апта сайын өткізіледі.
Қайда? Ғылыми кітапхана, Пушкин 11, 102 кабинет (online форматында MS Teams, Zoom).
Қалай қатысуға болады? Қатысу үшін өтінімді жіберу қажет.
