
11 октября 2024 года клуб любителей арабского языка кафедры Востоковедения, факультета Международных отношений ЕНУ им. Л.Н. Гумилева провел официальное мероприятие по приему студентов первого курса.



























11 қазан 2024 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Халықаралық қатынастар факультеті, Шығыстану кафедрасының Араб тіліне қызығушылар клубы бірінші курс студенттерін ресми түрде қабылдау іс-шарасын өткізді.
Шарада 2, 3, 4 курс студенттері өз өнерлерін көрсетті, арабша ән шырқады, мақал-мәтелдер айтты, домбырамен әдемі күй тартты және мултьфильмге дыбыстама жасап, өздерінің шығармашылық қырларын көрсетті. Іс-шарада Халықаралық қатынастар факультетінің деканы М.М. Қосыбаев, Шығыстану кафедрасының меңгерушісі Г.У. Биримкулова 1 курс студенттерін құттықтап, сәттілік тіледі. Сонымен қатар, кафедра оқытушылары ф.ғ.к., профессор Тулеубаева Самал Абаевна, ф.ғ.к., профессор Ақжігіт Әлібекұлы, т.ғ.к., профессор Ильясова Зибагүл Сүлейменовна, ф.ғ.к. Құрманғали Гүлнара Қанатқызы білім алушыларды құттықтады. Бұл шараға Екі шет тілі, Халықаралық қатынастар мен Аймақтану кафедрасының студенттері белсене қатысты.
1 курс студенттеріне араб әлемі туралы сұрақтар қойылып, естелікке сыйлықтар табысталды.
Авторы: Құрманғали Г.Қ.
