
ЭПиБ-12 тобы студенттерінің жалпықалалық сенбілікке қатысуы



Кең ауқымды экологиялық акция аясында «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіп үлгісі» және Дүниежүзілік тазалық күніне орай осы демалыс күндері, 21 қыркүйекте елордада жалпықалалық сенбілік өтті.
Сенбілік аясында қаланы қоқыстардан, саябақтар, алаңдар, аулалар, сондай-ақ сауда, қоғамдық тамақтандыру және басқа да ұйымдарға іргелес аумақтар тазартылды.
Ауқымды экологиялық науқан аясында 2 мыңнан астам жасыл желек отырғызылды.
Экоакцияның басты мақсаты – қала көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғамның назарын аудару.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің басқа студенттерімен бірге бұл жалпықалалық маңызды шараға белсене атсалысқан ЭПиБ-12 тобының 1 курс студенттері де көшелер мен аулаларды абаттандыруға өз үлестерін қосты.
