
"Отбасы күніне" арналған дөңгелек үстел

2024 жылдың 18 қыркүйегінде университетіміздің қабырғасында басқарма мүшесі әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Л.Төлегенқызының инициативасы бойынша Отбасы күніне арналған «Мерейл отбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараны филология факультетінің шетел тілдері кафедрасы ұйымдастырды. Шараға отбасылардың 4 категориясы қатысты: теміржолшылар династиянын сақтап жүрген отбасы, интернационалдық отбасы, жас отбасы және көп балалы отбасы. Факультетіміздің атынан «Мемлекеттік аудит» кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор Жупышева Ақтоты Ойратқызы көп балалы отбасының өкілі ретінде қатысты.
Шараның мақсаты: өз отбасына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін, ата-анаға деген құрмет сезімін арттыру; оқушылардың өз отбасының тарихына, отбасы дәстүріне, шежіресіне деген қызығушылығын дамыту. Бұл шара өзекті мәселелерді талқылап, пікір алмасу алаңына айналды.
Шара жоғары деңгейде өтті. Дөңгелек үстел соңында қатысушыларға студенттер тарапынан қызықты сұрақтар қойылды.
