
Ашық есік күні

2024 жылғы 19 қазан сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін Сәулет-құрылыс факультетінде ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараға Астана қаласының мектеп оқушылары қатысып, өздерін мазалаған сауалдарына толыққанды жауап ала алды.
Мектеп оқушыларына дұрыс таңдау жасауға бағыт-бағдар беруге, олардың білім деңгейін арттыруға, кәсіби біліктілікті дамытуға және келешектегі бағдарын дұрыс айқындауға ықпал етуді мақсат тұтқан ауқымды іс-шараға Астана қаласының мектеп оқушылары, мұғалімдері қатысты. Ашық есік күнінің негізгі мақсаты оқушыларға болашақ мамандық таңдауға көмектесу және пайдалы кәсіп туралы көзқарастарын дамыту.
Мектеп оқушыларына факультеттің материалды – техникалық базасы мен тарихы, мамандықтары таныстырылып, «Дизайн» және «Сәулет» кафедраларының көрмесі өткізілді.


Талапкер үшін мамандық таңдаудың басты қадамын ескере отырып, 2025-2026 оқу жылы Университетімізге бакалавр, магистратура және докторантура бөлімдеріне қабылдау бойынша қойылатын талаптардың өзгерістерімен университеттің кәсіптік бағдар беру бөлімінің бас маманы Бектаев Бекжан Байырбекұлы таныстырып өтті.


Сондай-ақ сәулет-құрылыс факультетінің бір топ белсенді студенттері мектеп оқушыларымен сәулет-құрылыс факультетінде оқудың еркешеліктерін талқылады.
