
Сәкеннің сыршыл әлемі

Ғылыми кітапхананың №12 оқу залында қазақтың атақты ақыны, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған «Сәкеннің сыршыл әлемі» атты әдеби саяхат өтті.
Іс-шараға филология, журналистика және әлеуметтану ғылымдары факультеттерінің студенттері қатысты.
Қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры Рахымжан Тұрысбек ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндама жасады. Студенттер Е.Сансызбай ақынның «Нұра» өлеңінен, М.Ұзақбаева «Көкшетау» поэмасынан, Н.Жапар «Мереке майданында» атты өлеңінен үзінділер оқыды. Қатысушылар Сәкеннің қазақ әдебиеті, мәдениеті мен тарихына қосқан үлесін талқылап, ақын мұрасының бүгінгі ұрпақ үшін маңыздылығына тоқталды. Магистрант Ә.Бекмұханбетов өз шығармашылығынан «Сәкенге арнау» атты өлеңін оқыды.
Филология факультетінің студенттері «Тау ішінде» әнін қосыла шырқап, кешті әсерлі аяқтады.
