
Халықаралық қатынастар факультетінде «Туған тілім - айбыным» атты тәрбие сағаты өтті

Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ Халықаралық қатынастар факультеті, шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы А. Қадысқызының ұйымдастыруымен 2024 жылы 22 қазан күні Әл-13 және Ш-11 топтардың студенттерімен «Туған тілім - айбыным» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: Студенттерді ана тілін қастерлеуге тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына үлес қосу, мемлекеттік тілімізді сүюге, мәртебесін биік көтеруге ат салысу.
Тіл туралы студенттер арасында талқылау жүргізілді: тіл – қандай да болмасын ұлттың, халықтың баға жетпес рухани қазынасы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тіл — ең басты байлығымыз. Ана тіл – әр ұлттың басты байлығы. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Еліміздің тілін ұлықтап, мәртебесін асыру өз қолымызда.
Студенттерге осы төмендегі сілтеме бойынша тіл жөнінде мәлімет беру арқылы тілімізді сүюге шақыту:
(https://martebe.kz/khazakh-tili-alemdegi-en-baj-ushinshi-til/)
(https://martebe.kz/khajratkerlerdin-khazakh-tili-turaly-ajtkhandary/)
