
2024 жылдың 18 қазанында Халықаралық Қатынастар факультеті, Шығыстану кафедрасының оқытушысы А. Рахман «6В02209 – Шығыстану» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттерімен «Екінші шығыс тілі: мәтіндермен жұмыс (жапон тілі)» пәнінен «Жапон тіліндегі иероглифтерге шолу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
ЕҰУ жаңалықтары
18.10.2024 174

2024 жылдың 18 қазанында Халықаралық Қатынастар факультеті, Шығыстану кафедрасының оқытушысы А. Рахман «6В02209 – Шығыстану» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттерімен «Екінші шығыс тілі: мәтіндермен жұмыс (жапон тілі)» пәнінен «Жапон тіліндегі иероглифтерге шолу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологиялар тиімді қолданылды. Ашық сабақ барысында иероглифтердің маңыздылығы жан-жақты талқыланды. Әр иероглифтің мәні мен мағынасы егжей-тегжейлі түсіндіріліп, нақты мысалдар арқылы көрсетілді. Студенттер қойылған сұрақтарға белсенділік танытып, кезекпен жауап беріп, сабаққа ерекше қызығушылықпен қатысты. Жалпы сабақ қызықты, әрі көңілді өтті.
Авторы: Рахман А.
Бөлісу:
