
ЕҰУ-де жасыл технологияларды енгізу бойынша Халықаралық Орталық Азия инвестициялық форумы өтті

2024 жылдың 21 қазанында «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ-да «Орталық Азияның жасыл экономикасына соңғы өндірістік және ресурс үнемдейтін технологияларды енгізу» тақырыбында Халықаралық Орталық Азия инвестициялық форумы өтті. Шараны Орталық Азия мемлекеттерінің жаңартылатын энергия көздерін енгізу жөніндегі халықаралық кеңесі серіктестермен бірлесіп ұйымдастырды.

Жаһандық экологиялық проблемалар мен климаттың өзгеруі жағдайында Орталық Азия елдері тұрақты даму мәселелеріне көбірек көңіл бөлуде. Форумға жетекші сарапшылар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен мемлекеттік органдардың өкілдері жиналып, жасыл экономикаға көшу мүмкіндіктерін талқылады.

Жиынға қатысушылар алдында Экология және табиғи ресурстарды басқару комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.Т. Жаңбыршин сөз сөйледі. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек Саясат құттықтау жолдады.
Форумда баламалы энергетика, су ресурстары, экология, ресурс үнемдейтін технологиялар мен ауыл шаруашылығының тиімділігіне қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Қатысушылар осы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған ғылыми идеялар мен жобаларды ұсынып, сонымен қатар өңірдің ғылыми әлеуетін шоғырландыру бойынша ұсыныстар жасады.
Форум қорытындысы бойынша Резолюция жобасын ғылыми қауымдастықпен талқылап, Орталық Азия мемлекеттерінің басшыларына үндеу жолдау туралы шешім қабылданды.

Іс-шараның модераторы т.ғ.д., профессор, Қызғызстан Республикасы ҰҒА корреспондент-мүшесі, Қызғызстан Республикасы ҰҒА Автоматтандыру және механика ғылымдары институтының жаңартылатын энергия көздері зертханасының меңгерушісі Обозов А.Д. Форумды ұйымдастырушылардың бірі – техника ғылымдарының докторы, «Жылуэнергетика» кафедрасының доценті, «Энергия үнемдеу және энергия тиімді технологиялар» ғылыми-зерттеу институтының директоры Алтай Шурумбаевич Алимгазин.

