
Әзірбайжанның қоғамдық жұмыспен қамту агенттігінің өкілдері ЕҰУ-де болды











Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ЕҰУ-дың карьера және бизнес-әріптестік бөлімінің көмегімен ұйымдастырылған Әзірбайжан қоғамдық жұмыспен қамту агенттігінің делегациясымен кездесу өткізді.
Кездесуге Әзірбайжан қоғамдық жұмыспен қамту агенттігінің қызмет көрсету саласындағы дамуту және инновациялар басқармасының бастығы Парвиз Афандизаде, Әзірбайжан қоғамдық жұмыспен қамту агенттігі орталық карьера басқармасы бастығының орынбасары Әділ Абдуллаев, Әзірбайжан қоғамдық жұмыспен қамту агенттігінің Карьераны жоспарлау бөлімінің жетекші маманы Сура Азизли, сондай-ақ Назарбаев университетінің карьера және кәсіптік бағдар беру орталығының өкілдері қатысты.
Әзербайжаннан келген қонақтарды қарсы ала отырып, ЕҰУ академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Байжұман Қашқынбай Білім және ғылыми қызметі, Еуразия ұлттық университетінің әлемдік рейтингтегі жетістіктері, сондай-ақ ЕҰУ түлектері үшін бос жұмыс орындарын іздеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Кездесу барысында жұмыспен қамту, еңбек нарығындағы сұраныстар, практикадан өту, карьераны жоспарлау туралы сұрақтар қойылып тәжірибе алмасты.
Кездесуден кейін таныстыру мақсатында Күлтегін ескерткішіне, Л.Н.Гумилев музейіне, Жазу тарихы музейіне экскурсия жасалды.
