
ЕҰУ қоғамдық қабылдау бөлмесі: ректор студенттермен қандай мәселелерді талқылады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қоғамдық қабылдау бөлмесінде ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов студенттермен кездесіп, қабылдау өткізді. ЖОО басшысымен кездесуге 3-4 курс білім алушылары, магистранттар мен докторанттар келіп, толғандыратын сұрақтар қойды және өз идеяларын ұсынып, университет қызметін жақсарту жөнінде ұсыныстар айтты.
Студенттердің ректорға қоятын сұрағы жиналып қалыпты және ол әртүрлі сипатта болды. Мысалы, «Мейрамхана және қонақ үй бизнесі» ББ 2 курс магистранты Меруерт Рахымберді ректордан магистратураны грант пен қызметтік жұмысты ұштастыруға бола ма? деп сұрады.
Ерлан Сыдықов жауап бергендей, «Білім туралы» заңға сәйкес жұмысты оқумен ұштастыруға рұқсат етіледі.
«47-баптың 4-тармағына сәйкес, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі нысаны бойынша білім алушылар мен студенттер бос уақытында оқуды жұмыспен байланыстыруға құқы бар», - деді ректор.
«Шетел тілі: екі шет тілі» ББ 2 курс магистранты Ақнұр Жаңабек ЕҰУ-да жаңадан құрылған Жоғары білім беру мектебіне қатысты сауалын қойды: «Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап, біз Жоғары білім мектебіне қараймыз. Жоғары білім мектебін жеке педагогикалық институт немесе университет етіп бөлу жоспарда бар ма? Бұл мектепті құрудағы мақсат не?».
Бұл сұраққа жауап берген ЕҰУ ректоры Астанамыз елордада қазіргі таңда жетіспейтін жоғары білікті кәсіби профессорлық-оқытушылық кадрларды даярлаудың көптен күткен қажеттілігін баса айтты. Оның айтуынша, осы мақсатта ЕҰУ-да Жоғары білім мектебі құрылды. «Жоғары білім мектебі – жоғары іргелі білімі бар бәсекеге қабілетті мамандарды дайындайтын оқу орнының оқу, ғылыми, әдістемелік құрылымдық бөлімшесі» деген Е.Сыдықов елордада жеке педагогикалық институт ашудың уақыты жеткенін жеткізді.
Докторант зертханалық құрал-жабдықтарды жасау үшін қалай қаржылық көмек ала алады? Бұл сұрақты ЕҰУ ректорына «Жылуэнергетика» факультетінің 1 курс докторанты Айжан Өмірбаева жолдады.
Ректордың жауабында айтылғандай, университет әрбір докторанттың тағылымдамадан өтуін, басылымын (ішінара) қаржыландыруды қамтамасыз етеді, сонымен қатар докторанттар үшін университеттің барлық материалдық-техникалық қоры (зертханалар, орталықтар және т.б.) қарастырылған.
Докторант Сымбат Жұмабайды мына сұрақ мазалайды: докторантураны бітіргеннен кейін университет жұмысқа орналасуға қалай көмектеседі?
Е.Сыдықовтың айтуынша, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, сондай-ақ жас мамандарды жұмысқа жіберу қағидаларына сәйкес, докторантурада оқуын аяқтағандар: мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде мемлекеттік органдарда, жоғары оқу орындарында, ғылыми ұйымдарда, ғылыми бөлімдерде, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарында, білім беру ұйымдарында оқу мерзімі аяқталғаннан кейін кемінде үш жыл жұмыс істейді.
Философия ғылымдарының докторларын (PhD) бөлуді университет кафедраларының, мемлекеттік органдардың және ғылыми ұйымдардың өтінімдері бойынша бөлу комиссиясы жүзеге асырады. Сонымен қатар, университетте түлектердің жұмысқа орналасуына ықпал ету мақсатында бос орындар жәрмеңкелері, конференциялар, кәсіпорындарға экскурсиялар, семинарлар, шеберлік сабақтары өткізіліп тұрады.
«Оқу үдерісін ұйымдастыруға жасанды интеллект енгізу жоспарланып отыр ма?», - деп сұрады «Филология: орыс филологиясы» ББ докторанты Азамат Нұрсейітов.
«Университет ЕҰУ-дың 2025-29 жылдарға арналған цифрлық трансформация бағдарламасы аясында әрбір студенттің жеке қажеттіліктеріне бейімделетін, жасанды интеллект қолдану арқылы қызметтер, икемді білім беру траекториясын қамтамасыз ететін және білім беру сапасын арттыратын «Оқытуды басқарудың интеллектуалды жүйесі» жобасын енгізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, жүйе оқу процесін тиімді басқаруға, студенттердің жетістіктерін талдауға және болжауға, табиғи тілді өңдеу үлгілерін пайдалана отырып, олардың білімін бағалауды автоматтандыруға, сондай-ақ онлайн сабақтарды өткізудің қолданыстағы білім беру және сыртқы жүйелерімен интеграциялануға мүмкіндік береді. Бұл оқу ортасын айтарлықтай жақсартады және оқытуды басқару процестерін дәлірек және ашық етеді», - деп атап өтті Ерлан Сыдықов.
Кездесу соңында Тәжікстаннан үкіметаралық келісім бойынша ЕҰУ-ға оқуға келген Туризм білім беру бағдарламасының 1-курс магистранты Саломат Исмоилова жетекші қазақстандық университетте оқитынына ризалығын білдіріп, ректорға қызықты да мазмұнды сұхбаты үшін алғысын білдірді.
«Мен үшін бұл жай ғана білім емес – бұл өсу, даму және өзім, елім үшін жақсы болашақ құру мүмкіндігі. Сіз көрсеткен қолдауды қатты бағалаймын. Жатақханада бізге жасалған жағдай оқуымызға толықтай жұмылуымызға және әртүрлі елдерден келген студенттермен достасуға мүмкіндік береді.
Қамқорлығыңыз бен көңіл бөлгеніңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Мұнда өткізген жылдар білімімді шыңдап қана қоймай, халықтарымыз арасындағы достық пен ынтымақтастыққа септігін тигізетініне сенімдімін», - деді Тәжікстаннан келген магистрант.
