
Ж.Қ. Таймағамбетовтың «Қазақстан палеолиті: «Жаңа ашылымдар» атты көшбасшылық дәрісі

2024 ж. 18 қазан күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Тарих факультеті «Археология және этнология» кафедрасының 2 курс PhD докторанттары оқу үдерісі негізінде белгілі археолог, ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Қазақстан Респуликасының Ұлттық музейінің бас ғылыми қызметкері Таймағамбетов Жәкен Қожахметұлының «Қазақстан палеолиті: «Жаңа ашылымдар» атты көшбасшылық дәрісін ұйымдастырды.
Көшбасшылық дәрістің мақсаты Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне «Археология және этнология» мамандығына жаңадан қабылданған 1 курс студенттері, 1 курс магистранттар және 1 курс PhD докторанттары ғалыммен кеңінен танысу ғылыми бағыт бағдар алу болып саналады.
Адамзат баласы даму кезеңі тас, қола, ерте темір және ерте орта ғасыр, орта ғасыр деген бірнеше сатыдан тұрады. Көне тарихымыз тас дәуірінен бастау алады. Отандық тас дәуірін ауқымды зерттеп, көптеген мақалалармен монографиялардың авторы, еліміздің жерінде адамзат баласы тас дәуірінен бері тіршілік еткенін дәлелдеп келе жатқан бірден бір ғалым Таймағамбетов Жәкен Қожахметұлы.
Ғалымның дәрісі барысында тас ғасыры кезеңін қамтитын соңғы зерттеулер, Жәкен Қожахметұлының ғылыми айналымға енгізген жаңа ашылымдары мен пікірлері жайлы сөз қозғалды. Соңғы он жылдағы еліміздің Шығыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Түркістан облысы, Алматы облысында жүргізген археологиялық экспедицияларында табылған палеолит ескерткіштерімен таныстырылды.
Ғалым Қазақстан-Германия, Қазақстан-Жапония, Қазақстан-Рессей ғылыми ұйымдарымен және археолог мамандармен бірлесіп жүргізетін археологиялық экспедицияларддың жетекшісі болып табылады. Қазба жұмыстары Шығыс Қазақстан облысындағы көпқабатты жоғарғы палеолит кезеңімен мерзімделетін Үшбұлақ тұрағында, Жамбыл облысындағы Ақтоғай үңгірінде, Түркістан облысындағы Х.А. Алпыспаев атындағы үңгірде, Алматы облысындағы Тікенекті 2 және Ынтымақ тұрақтарында жүргізілді.
Ғалымдармен Оңтүстік Қазақстан, Қаратау жотасынан 80-ге жуық тас дәуірінің іздерін анықтау мақсатында үңгірлерде жүргізілген барлау жұмыстары жүргізілді.
Ғылыми дәрістен соң жас мамандар ғалымға 20 минут көлемінде сұрақтар қойып, жауап алды. Ж.Қ. Таймағамбетов енді ғана оқу орын табалдырығын атап, ғылымға дең қойған жас мамандарға сәттілік пен ғылымда үлкен жетістіктерге жетуді тіледі.
