
Магистранттардың АҚ «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» ғылыми тағылымдамасы
SMART.ENU
05.11.2024 129

2024 жылдың қараша айның 4-17 аралығында 7М11105- «Туризм» және 7М11107-«Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» ББ бағдарламаларының 2 курс магистранттары жоспарға сәйкес ғылыми тағлымдамадан «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында өтуде.
Басты мақсаты: туризм және қонақ үй бизнесі саласында терең білім мен тәжірибе жинақтау, компанияның басты бағыттарын зерттеу, диссертацияға қажетті мәліметтерді жинақтау және ғылыми зерттеулер жүргізу,саладағы заманауи технологиялар мен әдістерді үйрену және қолдану мүміндіктерін үйрену болып табылады. Бұдан басқа магистранттарға өз саласында білікті маман болуға және болашақта табысты мансап құруға көмектеседі.
Бөлісу:
