
«Еуропалық Одақтың жұмсақ күшінің жаһандық және аймақтық өлшемдері» I Халықаралық жазғы мектебінің ашылуы өтті.
SMART.ENU
17.06.2024 21

2024 жылғы 17 маусымда Эразмус+ бағдарламасының «EUROSOFT Жан Моне біліктілік орталығы» аясында «Еуропалық Одақтың жұмсақ күшінің жаһандық және аймақтық өлшемдері» I Халықаралық жазғы мектебінің ашылуы өтті.
Ашылу салтанатына академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ардақ Бейсенбай, халықаралық қатынастар факультетінің деканы Мирас Қосыбаев, жоба үйлестірушісі Жанар Медеубаева қатысты.
Проректор Ардақ Бейсенбай өз сөзінде университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының халықаралық жобаларға қатысуының маңыздылығын атап өтті, бұл тек академиялық беделді арттырып қана қоймай, сонымен қатар университеттің бүкіл қызметі үшін маңызды имидждік құндылыққа ие.
Декан Мирас Қосыбаев Жазғы мектептің ұйымдастырушылары мен қатысушыларына табысты жұмыс пен тамаша нәтижелер тіледі.
Жоба үйлестірушісі Жанар Медеубаева қатысушыларды бүкіл Жобаның мақсаттарымен, сонымен қатар Жазғы мектептің өзімен, спикерлердің жоспарланған баяндамаларымен таныстырды, сондай-ақ «ЕО-ның білім беру саласындағы жұмсақ күші және ғылым: Орталық Азия мемлекеттеріне әсері» тақырыбында бірінші дәріс оқыды.
Бөлісу:
