
ЕҰУ студенті Ақерке Рахманберді белбеу күресінен Әлем чемпионы
SMART.ENU
ЕҰУ жаңалықтары
14.11.2024 263

Еуразия ұлттық университетінің Дене шынықтыру және спорт кафедрасының 1курс студенті Ақерке Рахманберді Белбеу әлем чемпионы атанды.
8-18 қараша аралығында Ресей Федерациясы, Татарстан Республикасы, Қазан қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Ақерке осылайша әлемдік аренада ел намысын абыроймен қорғап, чемпион атанып отыр.
-Өте сәтті өтті мен үшін осы әлем чемпионаты. Әр белеске тактикамен шығып, бар күш-жігерімді салдым. Алдағы мақсат осымен тоқтамай еңбектенеміз. Әлі көптеген жарыстар бар. Бапкерлеріме рахмет!- дейді Ақерке.
Құттықтаймыз!
Бөлісу:
