
«Қазақстан Қазан төңкерісі және кеңес үкіметінің орнауы кезеңінде» тақырыбындағы ашық сабақ

2024 жылдың 8-қарашасында Тарих факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Ерденбекова Жанар Сейтқалиқызы тарихшы емес мамандықтарда «Қазақстан тарихы» пәнінен Ақпараттық технологиялар факультетінің 1-курс студенттеріне ашық сабағын өткізді. Ашық сабаққа Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Қ.О. Сейтказина және аға оқытушы Б. Мұратбекқызы қатысты.
Жоспар бойынша өткізілген ашық сабақтың тақырыбы «Қазақстан қазан төңкерісі және кеңес үкіметінің орнауы кезеңінде». Оқытушының міндеті дәріс сабағы болғандықтан алдымен студенттердің тақырыпты түсінуін, қабылдай алуын қамтамасыз ету. Ол үшін түрлі тәсілдерді қолдана білу қажет. Сондықтан сабақта да сондай танымал әдіс тәсіл қарастырылды. «Миға шабуыл» тәсілі дәріс сабағын өтуге қолайлы тәсілдердің бірі болып саналады. Оның мақсаты ең бірінші студенттерге тақырыпқа қатысты ақпарат, мәлімет, проблемалық сұрақ беру, сол арқылы оларды ойландыру.
Әдістің тиімділігі студентке сұрақ қою арқылы проблеманы зерттеу ой-өрісін дамыту және сұрау арқылы олардың ойын ашық жеткізуіне мүмкіндік жасау. Ең басты мәселе студенттің пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамауын оқытушы қадағалау қажет. Тиімдісі әрбір жаңа сабақ бастар алдында осы әдіс бойынша сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашуға болады.
Сабақ барысында слайд арқылы тақырыпқа қатысты түрлі видеолар, қайраткерлердің бейнелері, сол замандағы архив фондынан алынған бейнетаспалар көрсетілді.
