
Ақпараттық жүйелер кафедрасының профессоры Orhun академиялық мобильділік бағдарламасына қатысты

Еуразия ұлттық университетінің Aқпараттық технологиялар факультеті "Aқпараттық жүйелер" кафедрасының профессоры Тамара Жукабаева Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы Түркі университеттері одағы (TURKUNİB) аясында жүзеге асырылатын Orhun академиялық мобильділік бағдарламасына қатысты.
2024 жылдың 25 қазанынан 6 қарашасына дейін Тамара Жукабаева Аладдин Кейқұбат университетінің (Alanya Alaaddin Keykubat Üniversitesi) Инженерия факультетіне сапар жасап, компьютерлік инженерия кафедрасының оқытушыларымен кездесулер өткізді.
Сапар барысында Қазақстан мен Түркияның білім беру жүйелерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары, бірлескен ғылыми зерттеулердің келешегі және оқытудың жаңа тәсілдері талқыланды. Сондай-ақ, семинар өткізілді.
Бұл сапар университеттер арасындағы ғылыми-білім беру байланыстарын нығайтуға және кәсіби тәжірибемен алмасуға бағытталған маңызды қадам болды.
