
«Саясаттану» кафедрасының докторанты Шанхайда ғылыми тағылымдамадан өтті









2024 жылғы 13 қазан мен 12 қараша аралығында «саясаттану» кафедрасының 3 курс докторанты Қ.М.Батырбаев Шанхай халықаралық зерттеулер академиясында (ШХЗА) ғылыми тағылымдамадан өтті. Ол ШХЗА, ЦзяоТун, Фудан университеттері және Шанхай қаласының қоғамдық кітапханасының мұрағаттық материалдарымен және кітапхана қорларымен жүйелі жұмыс жүргізді, бұл қытай және ағылшын тілдеріндегі көптеген дереккөздерге қол жеткізуді қамтамасыз етті. Аталған шаралар диссертация тақырыбын тереңірек түсінуге және кең нақты материал жинауға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, докторант ШХЗА аспиранттары үшін Қазақстан-Қытай қатынастары бойынша дәріс оқыды, АӨСШК «талдау орталықтары» өкілдерінің «Emerging forces in CICA» тақырыбындағы 12-ші кездесуінде спикер болып, «Бежін форумында» баяндамашы болды. Ғылыми іс-шараларға белсенді қатысу докторантқа өз зерттеулерінің нәтижелерін сынақтан өткізуге, халықаралық қатынастар саласындағы жетекші сарапшылармен тәжірибе алмасуға және ғылыми қоғамдастықтан кері байланыс алуға құнды мүмкіндік берді.
Докторант жетекші Қытай ғалымдарының ғылыми мақалаларына жанжақты талдау жүргізді, бұл осы саладағы зерттеудің қазіргі жағдайы туралы кешенді түсінік қалыптастыруға және алған білімдерін диссертациялық жұмысына біріктіруге мүмкіндік берді. ШЫҰ шеңберіндегі Қазақстан мен Қытай стратегияларын салыстырмалы талдау, сондай-ақ ШЫҰ елдері арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін зерделеу ақпаратты сыни талдау мен синтездеуге қабілеттілігін көрсетті.
Сонымен қатар, диссертация тақырыбы бойынша 10-нан астам ғылыми мақалалар қытай тілінен орыс тіліне аударылды. Бұл ақпаратқа қол жетімділікті едәуір кеңейтті.
Сондай-ақ шетелдік ғылыми кеңесшімен бірлесіп «Қазақстанның ШЫҰ-ға 2023-2024 жылдардағы төрағалығының қорытындысы» тақырыбында ғылыми мақала дайындалды. Материал «Саясаттану» мамандығы бойынша ҚР ҒЖБМ БССҚЕК ұсынылатын қазақстандық ғылыми журналдың қарауына жіберілді және қабылданды (ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институтының «Адам әлемі» философиялық және қоғамдық-гуманитарлық журналы). Бірлескен мақаланы дайындау тағылымдаманың жоғары ғылыми өнімділігін және одан әрі ынтымақтастық үшін әлеуетті көрсетеді.
Жалпы, ШХЗАдағы тағылымдама жоғары тиімділікті көрсетті және докторантқа диссертациялық зерттеуде елеулі прогреске қол жеткізуге, оның ғылыми-зерттеу құзыреттерін нығайтуға және жемісті халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың негізін қалауға мүмкіндік берді.
