
ЕҰУ-да Лубань шеберханасы құрылады







Лубань шеберханасы Еуразия ұлттық университетінде Тяньцзинь кәсіптік институтымен бірлесе отырып салынады. Бұл туралы Қытайда өткен «Дүниежүзілік кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту» конференциясы аясында Еуразия ұлттық университеті мен Тяньцзинь кәсіптік институтының ректорлары келісімге қол қойды.
Лубань шеберханасы – қазақстандық және қытайлық кәсіпорындардың ынтымақтастығына, кәсіптік білім беру саласындағы халықаралық алмасуға, Қазақстанның дамуы үшін техникалық таланттарды дамытуға, қазақстандық жастардың жұмысқа орналасу және мансаптық өсу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ететін инновациялық білім беру алаңы. Шеберхана қызметінде жасанды интеллект технологиялары да қолданылатын болады.
ЕҰУ-дағы Лубань шеберханасы 2025 жылдың қыркүйегінде ашылады деп жоспарлануда.
